Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір медициналық бұйымдарды айналыстан алу туралы

№ 466-НҚ от 06.12.2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

 

Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір медициналық бұйымдарды айналыстан алу туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (тіркелген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906), «Гелий» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 153 хаты негізінде, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және өтініштен кейбір медициналық бұйымдарды алып қою.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21836 тіркелген) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының 10, 11-тармақтарына сәйкес осы шешім туралы ақпарат алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптама ұйымы (бұдан әрі – Қағидалар) медициналық бұйымдарға берілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының қолданылуын кері қайтарып алсын.

Сараптама ұйымы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.

  1. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

        

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасы                                                            Н. Ысқақов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрілігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті төрағасының

2023 жылғы ___ желтоқсандағы

№ ____ бұйрығына қосымша

 

 

Кері қайтарып алуға және айналыстан алуға жататын медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктері

 

№

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Тіркелген күні

Медициналық бұйымның атауы

Өндіруші, мемлекет

1

ҚР-ММБ-5№003317

12.06.2017

Протездерді дайындауға арналған i-Plast HC стоматологиялық акрилді базистік пластмасса

UAB «Medicinos Linija», Литва

2

ҚР-ММБ-5№021951

05.02.2021

Тіс түбірі өзектерін кеңейтуге және тазалауға арналған стоматологиялық материалы, i-EDTA Solution 17% сұйықтығы құтыда 250 мл

UAB «Medicinos Linija», Литва

3

ҚР-ММБ-5№114914

13.01.2021

Пломбалауға арналған стоматологиялық шыны иономерлік I-FIL цементі

UAB «Medicinos Linija», Литва

4

ҚР-ММБ-5№014979

16.03.2021

Бекітуге арналған стоматологиялық шыны иономерлік I-FIХ цементі

UAB «Medicinos Linija», Литва

5

ҚР-ММБ-5№008477

14.09.2016

Сұйықтай ағатын жарықта қататын i-Flow N® стоматологиялық композиті

UAB «Medicinos Linija», Литва

6

ҚР-ММБ-5№015338

25.03.2021

Уақытша пломбарауға арналған, орташа консистенциялы i-PRO N стоматологиялық материалы, каптамада 38 г

UAB «Medicinos Linija», Литва

7

ҚР-ММБ-5№022121

16.03.2021

Стоматологиялық жарықта қататын уақытша пломбалауға арналған i-PRO LC материалы, 4 г-нан 2 шприц

UAB «Medicinos Linija», Литва

 

 

Согласовано

06.12.2023 16:32 Салыбекова  Айнур Нурлыбековна

06.12.2023 17:02 Тулешов К.А.

06.12.2023 17:53 Кабденов Алишер Кайратович

Подписано

06.12.2023 20:16 Искаков Нұрлан Зайкешұлы

Дата публикации
11 декабря 2023