№ 452-НҚ от 01.12.2023
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ
БҰЙРЫҚ
ПРИКАЗ
№
Астана қаласы город Астана
«Биорацеф, қабықпен қапталған таблеткалар, 250 мг және 500 мг» дәрілік заттарының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (тіркелген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906), БҰЙЫРАМЫН:
- «Польфарма» АҚ фармацевтикалық зауыты, Духницадағы өңдірістік бөлім, Польша өндірушісі, «Биорацеф, қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг» ҚР-ДЗ-5№024327 дәрілік заттарының тіркеу куәліктері кері қайтарылсын және айналыстан алынсын.
Сараптама ұйымы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды.
Негіздеме: «Химфарм» акционерлік қоғамының 2023 жылғы 21 қарашадағы №1052 хаты.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасының
міндетін атқарушы Л. Ахметнияз
Согласовано
01.12.2023 12:07 Балгабекова Асель Касмукановна
01.12.2023 14:03 Алиева А.А ((и.о Кабденов А.К.))
01.12.2023 14:45 Тулешов К.А.
Подписано
01.12.2023 15:11 Ахметнияз Л. М. ((и.о Искаков Н.З.))