Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір дәрілік заттарды айналыстан алу туралы

№ 427-НҚ от 06.11.2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

 

Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір дәрілік заттарды айналыстан алу туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 259-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (тіркелген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906), БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және өтініштен кейбір дәрілік заттарды алып қою.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21836 тіркелген) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының 10, 11-тармақтарына сәйкес осы шешім туралы ақпарат алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптама ұйымы (бұдан әрі – Қағидалар) дәрілік затқа берілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының қолданылуын кері қайтарып алсын.

Сараптама ұйымы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.

  1. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: «ратиофарм Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № R-Т-2023-390 хаты.

                                  

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасы                                                                Н. Ысқақов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрілігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті төрағасының

2023 жылғы ___ қарашадағы

№ ____ бұйрығына қосымша

 

 

Кері қайтарып алуға және айналыстан алуға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктері

 

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Тіркелген күні

Дәрілік заттың атауы

Өндіруші, мемлекет

№ ҚР-ДЗ-5№019511

11.06.2018

ТеваГрастим, тері астына және вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 30 млн. ХБ/0.5 мл

Teva Pharmaceutical Industries Limited, Израиль

№ ҚР-ДЗ-5№019512

11.06.2018

ТеваГрастим, тері астына және вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 48 млн. ХБ/0.8 мл

Teva Pharmaceutical Industries Limited, Израиль

№ ҚР-ДЗ-5№015505

25.11.2019

Триметазидин-Тева 20 мг,  қабықпен қапталған таблеткалар, 20 мг

Merckle GmbH, Германия

№ ҚР-ДЗ-5№018392

18.08.2016

Кромоглин® мұрын спрейі, мұрын спрейі, 20 мг/мл

Ursapharm Arzneimittel GmbH, Германия

№ ҚР-ДЗ-5-№016920

07.09.2016

Майфенакс, капсулалар, 250 мг

Teva Pharmaceutical Works Private Limited Company, Венгрия

№ ҚР-ДЗ-5№016921

13.05.2016

Майфенакс, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг

Teva Pharmaceutical Works Private Limited Company, Венгрия

№ҚР-ДЗ-5№004397

30.01.2017

Олфен™-75, бұлшықет ішіне инъекцияға арналған ерітінді

Merckle GmbH, Германия

№ҚР-ДЗ-5№016244

26.05.2020

Актиферрин-Тева, ішуге арналған тамшылар

Merckle GmbH, Германия

№ҚР-ДЗ-5№016262

25.05.2020

Актиферрин-Тева, шәрбат, 100 мл

Merckle GmbH, Германия

 

 

Согласовано

06.11.2023 10:01 Жекеева Асель Касмукановна

06.11.2023 10:16 Кабденов Алишер Кайратович

06.11.2023 10:38 Тулешов К.А.

Подписано

06.11.2023 13:47 Искаков Нұрлан Зайкешұлы

Дата публикации
13 ноября 2023