№ 31-Қ от 02.08.2023
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ |
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ |
|||
|
010000, Астана қ., Есіл ауд., Мəңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс тел: +7 (7172) 74-34-50 e-mail: kmfk@dsm.gov.kz |
|
010000, г. Астана, пр. Мангилик Ел 8, Дом министерств, 13 подъезд, тел.: +7 (7172) 74-34-50 e-mail: kmfk@dsm.gov.kz |
||
ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
Дәрілік затттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген)
3-тармақтарының 1) және тармақшына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар),
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Хабарлама келіп түскеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) жұмыс күн ішінде Комитетке және Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне зертханалық сынақтар жүргізу үшін қажетті дәрілік заттар үлгілерінің көлемінің есептері берілсін.
Алынған нәтижелер туралы Комитетке қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде хабарлансын.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын, өзге де мемлекеттік органдарды (құзыреттері бойынша), дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге хабарлау (жазбаша еркін нысанда);
2) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ 7-тармақ бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
2023 жылғы 28 шілдедегі № 9/19238 хаты.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитетінің
Төраға орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Бас мемлекеттік
фармацевтикалық инспекторы Л. Қашқымбаева
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік фармацевтикалық
инспекторының
2023 жылғы ____ тамыздағы
№ _____ қаулысына
қосымша
Тоқтата тұруға жататын дәрілік заттардың тізбесі
|
№ р/н |
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Медициналық бұйымның атауы |
Өндіруші, ел |
|
1. |
ҚР-ДЗ-5№024978 |
Ксавобан, Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 20 мг |
«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан |
|
2. |
ҚР-ДЗ-5№024966 |
Ксавобан, Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 2,5 мг |
«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан |
|
3. |
ҚР-ДЗ-5№024965 |
Ксавобан, Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг |
«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан |
|
4. |
ҚР-ДЗ-5№024964 |
Ксавобан, Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 15 мг |
«ПФК «Элеас», ЖШС, Қазақстан |
Согласовано
02.08.2023 17:18 Кулшанов Эрик Каиргалиевич
Подписано
02.08.2023 17:28 Кашкымбаева Лязят Рсымбековна