«Тобрекс* 2х, көзге тамызатын дәрі» дәрілік затының тіркеу куәлігін кері қайтарып және айналыстан алу туралы

№ 254-НҚ от 11.07.2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

 

«Тобрекс* 2х, көзге тамызатын дәрі» дәрілік затының тіркеу куәлігін кері қайтарып және айналыстан алу туралы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 259-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Siegfried El Masnou S.A.», Испания өндірушісі, «Тобрекс* 2х, көзге тамызатын дәрі» дәрілік затының тіркеу куәлігі ҚР-ДЗ-5№014069 кері қайтарылсын және айналыстан алынсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап жұмыс бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарлассын.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

         3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъектілер оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары
    Л. Р. Қашқымбаеваға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: Қазақстан Республикасындағы «Новартис Фарма Сервисэз АГ» Компаниясы филиалының 2023 жылғы 22 маусымдағы № ЗТ-2023-01150897 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасының

міндетін атқарушы                                                   Л. Ахметнияз

 

 

 

 

 

 

Согласовано

11.07.2023 11:01 Кашкымбаева Лязят Рсымбековна

11.07.2023 14:44 Тулешов К.А.

11.07.2023 15:55 Кабденов Алишер К

Подписано

11.07.2023 17:21 Ахметнияз Лаурра Мустафьевна

Дата публикации
13 июля 2023