|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ
|
|
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО
И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ
|
|
010000, Астана қ., Есіл ауд., Мəңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс
тел: +7 (7172) 74-34-50 e-mail: kmfk@dsm.gov.kz
|
|
010000, г. Астана, пр. Мангилик Ел 8,
Дом министерств, 13 подъезд, тел.: +7 (7172) 74-34-50
e-mail: kmfk@dsm.gov.kz
|
| |
|
|
|
|
ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
Дәрілік затттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген)
3-тармақтарының 1) және 4) тармақшыларына сәйкес (бұдан әрі – Ереже),
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- № 220000041000075 қылмыстық іс бойынша сот шешімі шығарылғанға немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешім қабылданғанға дейін «ПФК «Элеас» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірусінің № ҚР-ДЗ-5№024504 «Капецитабин, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг, құтыдағы 20, 60, 120 таблеткадан, картоннан жасалған қорапта 1 құтыдан» және № ҚР-ДЗ-5№024549 «Даксиласт, таблеткалар, 0,5 мг, құтыдағы 30 таблеткадан, картоннан жасалған қораптағы 1 құтыдан» дәрілік заттардың (бұдан әрі – дәрілік заттар) тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтата тұрылсын.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін, дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін ұстаушын және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын
(бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамға және «СҚ-Фармация» Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
- Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21836 болып тіркелген) 10 және
11-тармақтарына сәйкес, дәрілік заттарға берілген сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұрсын.
Хабарлама келіп түскеннен кейін күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаментіне зертханалық сынақтар жүргізу үшін қажетті дәрілік заттар үлгілерінің көлемінің есептері берілсін.
- Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қағидалардың 6, 7 және
8-тармақтарына сәйкес дәрілік заттардың үлгілерін алып қоюды жүзеге асырсын.
- Сараптама ұйымы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес алынған дәрілік заттардың үлгілеріне зертханалық сынақтар жүргізсін.
Алынған нәтижелер туралы Комитетке қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде хабарлансын.
- Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын, өзге де мемлекеттік органдарды (құзыреттері бойынша), дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге хабарлау (жазбаша еркін нысанда);
2) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ 8-тармақ бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Дәрілік заттардың айналысы саласындағы субъектілерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы
№ ҚР ДСМ-19 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларының 24-тармағына сәйкес Комитеттің аумақтық бөлімшесіне хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде тиісті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидалары жіберілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
2023 жылғы 2 маусымдағы № 9/14069 хаты.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитетінің
Төраға міндетін атқарушының –
Қазақстан Республикасы
Бас мемлекеттік
фармацевтикалық инспекторы Л. Қашқымбаева
Согласовано
05.06.2023 20:33 Кулшанов Эрик Каиргалиевич
Подписано
05.06.2023 20:38 Кашкымбаева Лязят Рсымбековна