Oxytocin (ХПА: Окситоцин) инъекцияға арналған ерітінді, 5 ХБ/мл, 1 мл дәрілік заттың 220368 сериясын (партиясын) тоқтата тұру туралы

№ 12-Қ от 09.03.2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО

И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

010000, Астана қ., Есіл ауд., Мəңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс

тел: +7 (7172) 74-34-50  e-mail: kmfk@dsm.gov.kz

 

 

 

010000, г. Астана, пр. Мангилик Ел 8,

Дом министерств, 13 подъезд, тел.: +7 (7172) 74-34-50

e-mail: kmfk@dsm.gov.kz

         

                        ҚАУЛЫ                                                                                                                    ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

 

Oxytocin (ХПА: Окситоцин) инъекцияға арналған ерітінді,
5 ХБ/мл, 1 мл дәрілік заттың 220368 сериясын (партиясын) тоқтата тұру туралы

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының
3-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 25 желтоқсанда № 21906 болып тіркелді)
(бұдан әрі – Ереже), ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттың сериясы (партиясы) тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ және «СҚ-Фармация» ЖШС жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын, өзге де мемлекеттік органдарды (құзыреттері бойынша), дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге хабарлау (жазбаша еркін нысанда);

2) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ 4-тармақ бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Дәрілік заттың тоқтата тұрған сериясы (партиясы) бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер дәрілік заттың сериясы (партиясы) қайтару қажеттігі туралы хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшесіне растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға дәрілік затты қайтару туралы тиісті ақпаратты беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен бектілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің өз иелігіндегі жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларға (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қазанда № 21533 болып тіркелді) сәйкес ақпарат ұсынсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2023 жылғы 6 ақпандағы
№ 25-06-144/И хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитетінің

Төраға орынбасары –

Қазақстан Республикасы

Бас мемлекеттік

фармацевтикалық инспекторы                                  Л. Кашкымбаева

     

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік фармацевтикалық

инспекторының

2023 жылғы ____ наурыздағы

№ _____ қаулысына

қосымша

 

Дәрілік заттың тоқтата тұруға жататын сериясының (партисының)

тізбесі

 

№

р/н

Дәрілік заттың атауы

Өндіруші, ел

Серия (партия) нөмірі, жарамдылық мерзімі, саны

1.

Oxytocin (ХПА: Окситоцин) инъекцияға арналған ерітінді 5 ХБ/мл, 1 мл

HANGZHOU XINGWAN

PHARMA Co, LTD, Қытай

серия (lot) 220368, 2025 жылдың наурызына дейін жарамды, 2351600 дана

 

 

Согласовано

09.03.2023 20:05 Кулшанов Эрик Каиргалиевич

Подписано

09.03.2023 20:06 Кашкымбаева Лязят Рсымбековна

Дата публикации
24 марта 2023