«Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг және 10 мг» дәрілік препаратының тіркеу куәліктерін қолданылуын тоқтата тұру туралы.

№ 24-НҚ от 17.01.2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

 

 

«Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг және 10 мг» дәрілік препаратының тіркеу куәліктерін қолданылуын тоқтата тұру туралы.

 

 

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг және 10 мг», өндірушісі «ПОЛЬФАРМА» фармацевтикалық зауыты АҚ Нова Дембадағы өндірістік бөлім», Польша, ҚР-ДЗ-5№025958, ҚР-ДЗ-5№025959 дәрілік препаратының тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

         3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты Комитеттің аумақтық бөлімшеге жіберсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің төраға орынбасары Л. Р. Қашқымбаеваға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 7194-22-00-4/3788 ұйғарымы.

        

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасының

міндетін атқарушы                                                            Л. Ахметнияз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Согласовано

17.01.2023 12:40 Кабденов Алишер К

17.01.2023 13:25 Кусаинов С.Н. ((и.о Тулешов К.А.))

17.01.2023 13:48 Кашкымбаева Лязят Рсымбековна

Подписано

17.01.2023 17:15 Ахметнияз Лаурра Мустафьевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Согласовано

17.01.2023 12:40 Кабденов Алишер К

17.01.2023 13:25 Кусаинов С.Н. ((и.о Тулешов К.А.))

17.01.2023 13:48 Кашкымбаева Лязят Рсымбековна

Подписано

17.01.2023 17:15 Ахметнияз Лаурра Мустафьевна

Дата публикации
25 января 2023