Кейбір дәрілік заттарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы

№ 25-НҚ от 17.01.2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

 

 

 

Кейбір дәрілік заттарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 1-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы қайта қалпына келтірілсін.
  2. «Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Төрағаның 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 359-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
  3. Комитеттің фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, медициналық бұйымдардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  4. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтатуды алып тастау туралы хабарлауды;

2) қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтатуды алып тастау туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары Л. Р. Қашқымбаеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

          Негіздеме: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 6001-22-6ап-2/1219 қаулысы және Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 7194-21-00-4/1572 ұйғарымы.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасының

міндетін атқарушы                                                            Л. Ахметнияз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрілігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті м. а. төрағасының

 2023 жылғы __ қаңтардағы

№__ бұйрығына қосымша

 

 

Дәрілік заттарды қалпына келтірілген тіркеу куәліктерінің тізбесі

 

№

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Бұйрықтың нөмірі

Тіркелген күні

Дәрілік препараттың атауы

Шығарылым нысаны

1

ҚР-ДЗ-5№025203

№ 042696

10.09.2021

Метофил

0.60 мл (30 мг) препараттан алдын ала толтырылған шприцте.

2

ҚР-ДЗ-5№025204

№ 042697

10.09.2021

Метофил

0.55 мл (27.5 мг) препараттан алдын ала толтырылған шприцте.

3

ҚР-ДЗ-5№025205

№ 042699

10.09.2021

Метофил

0.50 мл (25 мг) препараттан алдын ала толтырылған шприцте.

4

ҚР-ДЗ-5№025206

№ 042700

10.09.2021

Метофил

0.45 мл (22.5 мг) препараттан алдын ала толтырылған шприцте.

5

ҚР-ДЗ-5№025207

№ 042701

10.09.2021

Метофил

0.40 мл (20 мг) препараттан алдын ала толтырылған шприцте.

6

ҚР-ДЗ-5№025208

№ 042702

10.09.2021

Метофил

0.35 мл (17.5 мг) препараттан алдын ала толтырылған шприцте

7

ҚР-ДЗ-5№025209

№ 042703

10.09.2021

Метофил

0.30 мл (15 мг) препараттан алдын ала толтырылған шприцте

8

ҚР-ДЗ-5№025210

№ 042704

10.09.2021

Метофил

0.25 мл (12.5 мг) препараттан алдын ала толтырылған шприцте.

9

ҚР-ДЗ-5№025211

№ 042705

10.09.2021

Метофил

0.20 мл (10 мг) препараттан алдын ала толтырылған шприцте.

10

ҚР-ДЗ-5№025212

№ 042706

10.09.2021

Метофил

0.15 мл (7.5 мг) препараттан алдын ала толтырылған шприцте.

 

 

Согласовано

17.01.2023 17:26 Кусаинов С.Н. ((и.о Тулешов К.А.))

17.01.2023 17:40 Кашкымбаева Лязят Рсымбековна

17.01.2023 17:48 Кабденов Алишер К

Подписано

17.01.2023 18:09 Ахметнияз Лаурра Мустафьевна

Дата публикации
18 января 2023