«Оспамокс®, ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ, 500мг/5мл» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы

№ 470-НҚ от 30.12.2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

 

«Оспамокс®, ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ, 500мг/5мл» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының                                        3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Оспамокс®, ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ, 500мг/5мл», өндірушісі «Сандоз ГмбХ», Австрия, тіркеу куәлігінің нөмірі ҚР-ДЗ-5№024626 дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

         3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары
    Л. Р. Қашқымбаеваға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: «Сандоз Фармацевтикалс д. д.» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № RA-611-12-22 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитет төрағасының

міндетін атқарушы                                                            Л. Ахметнияз

 

 

 

 

 

 

 

Согласовано

28.12.2022 11:21 Кабденов Алишер К

28.12.2022 11:48 Кашкымбаева Лязят Рсымбековна

28.12.2022 15:44 Тулешов К.А.

Подписано

28.12.2022 18:41 Ахметнияз Лаурра Мустафьевна

Дата публикации
17 января 2023