Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы

№ 2-Қ от 10.01.2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО

И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

010000, Астана қ., Есіл ауд., Мəңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс

тел: +7 (7172) 74-34-50  e-mail: kmfk@dsm.gov.kz

 

 

 

010000, г. Астана, пр. Мангилик Ел 8,

Дом министерств, 13 подъезд, тел.: +7 (7172) 74-34-50

e-mail: kmfk@dsm.gov.kz

         

                   ҚАУЛЫ                                                                                                                    ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

 

Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің

күшін тоқтата тұру туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 9) тармақшаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 25 желтоқсанда № 21906 болып тіркелді)
(бұдан әрі – Ереже), ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күші тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ және «СК-Фармация» ЖШС жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының 10 және
    11-тармақтарына сәйкес, дәрілік заттарына берілген сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұрсын.
  4. Дәрілік заттары бар субъектілер дәрілік заттарды қайтару қажеттілігі туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қағидалардың 15-тармағына сәйкес растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өндірушіге, тіркеу куәлігін ұстаушыға, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты Комитеттің аумақтық бөлімшесіне жіберсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: ШЖҚ РМК-ның «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» 2023 жылғы 9 қантардағы
№ 25-06-23/3364 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитетінің

Төраға орынбасары –

Қазақстан Республикасы

Бас мемлекеттік

фармацевтикалық инспекторы                                  Л. Кашкымбаева

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Бас фармацевтикалық

инспектордың 2023 жылғы _

 ___ қантарды № _____

қаулысына қосымша

 

Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күші

тоқтата тұруға жататын тізбе

 

№ п/п

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Дәрілік заттардың атауы

Өндіруші, ел

1.

РК-ЛС-5№024071

Даклавирдин, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 60 мг

Eva Pharma for pharmaceuticals and medical appliances S.A.E., Мысыр

2.

РК-ЛС-5№024075

Тенавирон, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг

Eva Pharma for pharmaceuticals and medical appliances S.A.E., Мысыр

3.

РК-ЛС-5№024077

Нуклеобувир, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мг

Eva Pharma for pharmaceuticals and medical appliances S.A.E., Мысыр

 

 

Согласовано

10.01.2023 16:59 Алибекова Д. А. ((и.о Кулшанов Э. К.))

Подписано

10.01.2023 17:37 Кашкымбаева Лязят Рсымбековна

Дата публикации
11 января 2023