Қазақстан Республикасының тыс аумағында өндірілген Комирнати/Омикрон BA.4-5 (COVID-19 қарсы мРНҚ негізіндегі вакцина (нуклеозидтермен модификацияланған)) дәрілік затының уақытша мемлекеттік тіркеу туралы

№ 450-НҚ от 12.12.2022

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

 

Қазақстан Республикасының тыс

аумағында өндірілген Комирнати/Омикрон BA.4-5 (COVID-19 қарсы мРНҚ негізіндегі вакцина (нуклеозидтермен модификацияланған)) дәрілік

затының уақытша мемлекеттік

тіркеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 қаулысымен бекітілген СOVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларының 17-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес Комирнати/Омикрон BA.4-5 (COVID-19 қарсы мРНҚ негізіндегі вакцина (нуклеозидтермен модификацияланған)), 15/15 мкг/доза, инъекцияға арналған дисперсия, өндірушісі Пфайзер Мануфактуринг Бельгия Н.В., ҚР-БП - № 37 – 8 (сегіз) ай мерзіміне дәрілік заттың уақытша тіркеу куәлігі берілсін.
  2. Осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес Комирнати/Омикрон BA.4-5 (COVID-19 қарсы мРНҚ негізіндегі вакцина (нуклеозидтермен модификацияланған)) вакцинасының медициналық қолдану бойынша нұсқаулығы және дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы бекітілсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары
    Л. Р. Қашқымбаеваға жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2022 жылғы 30 қарашадағы хаттамасы және Комитеттің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы ШЖҚ РМК-ның 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 15-05-1866/3114 вакцинаның өндіруші елде тіркелгені/тіркелмегені және өндірістік алаңның GMP талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы қорытындысы.

 

Төраға                                                                        Б. Байсеркин

 

Согласовано

12.12.2022 09:14 Тулешов К.А.

12.12.2022 09:19 Кашкымбаева Лязят Рсымбековна

12.12.2022 09:24 Кабденов Алишер К

Подписано

12.12.2022 09:45 Байсеркин Бауыржан Сатжанович

Дата публикации
21 декабря 2022