|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ
|
|
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО
И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ
|
|
010000, Астана қ., Есіл ауд., Мəңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс
тел: +7 (7172) 74-34-50 e-mail: kmfk@dsm.gov.kz
|
|
010000, г. Астана, пр. Мангилик Ел 8,
Дом министерств, 13 подъезд, тел.: +7 (7172) 74-34-50
e-mail: kmfk@dsm.gov.kz
|
| |
|
|
|
|
ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің
күшін тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 9) тармақшаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 25 желтоқсанда № 21906 болып тіркелді) (бұдан әрі – Ереже), ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- «Гетц Фарма (Пвт) Лимитед», Пакистан өндірісі «Синекорт ингаляцияға арналған дозаланған аэрозоль, 160 мкг/4.5 мкг» дәрілік затының (бұдан әрі – дәрілік зат) № ҚР-ДЗ-5№023628 тіркеу куәлігінің күші тоқтата тұрылсын.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
- Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының 10 және
11-тармақтарына сәйкес, дәрілік затына берілген сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұрсын.
- Дәрілік заты бар субъектілер дәрілік затты қайтару қажеттілігі туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қағидалардың 15-тармағына сәйкес растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өндірушіге, тіркеу куәлігін ұстаушыға, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты Комитеттің аумақтық бөлімшесіне жіберсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: ШЖҚ РМК-ның «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» 2022 жылғы 25 қарашадағы
№ 17-06-1146/И хаты.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитетінің
Төраға орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Бас мемлекеттік
фармацевтикалық инспекторы Л. Кашкымбаева
Согласовано
28.11.2022 17:34 Кулшанов Эрик Каиргалиевич
Подписано
28.11.2022 17:39 Кашкымбаева Лязят Рсымбековна