«Энтерожермина®, капсулалар, 2 млрд» дәрілік затының № 1I048 сериясын айналыстан алып қою туралы

№ 437-НҚ от 25.11.2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

 

 

«Энтерожермина®, капсулалар, 2 млрд» дәрілік затының № 1I048 сериясын айналыстан алып қою туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Өндірушісі «Санофи С.р.Л», Италия, тіркеу куәлігінің нөмірі
    № ҚР-ДЗ-5№021172 «Энтерожермина®, капсулалар, 2 млрд» дәрілік затының сериясын № 1I048 айналыстан алып қойылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

         3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің төраға орынбасары
    Л. Р. Қашқымбаеваға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: «Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС-ның 2022 жылғы 17 мамырдағы № 0121-05-22 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің төрағасы

                        

 

 

                                    

                                    Б. Байсеркин

 

 

 

 

 

 

 

 

Согласовано

25.11.2022 16:32 Кабденов Алишер К

25.11.2022 16:33 Тулешов К.А.

25.11.2022 17:27 Кашкымбаева Лязят Рсымбековна

Подписано

25.11.2022 18:13 Байсеркин Бауыржан Сатжанович

Дата публикации
29 ноября 2022