«Лидокаин, 20 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді» дәрілік затты тіркеу куәлігінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы

№ 425-НҚ от 15.11.2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

 

 

«Лидокаин, 20 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді» дәрілік затты тіркеу куәлігінің қолданылуын

қайта қалпына келтіру туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Заңының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылдың 6 сәуірдегі 65-бабы 3 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Лидокаин, 20 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді», өндірушісі «Новосибхимфарм» ЖШҚ, Ресей, ҚР-ДЗ-5№019325 дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуы қайта қалпына келтірілсін.
  2. «Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Төрағасының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 142 - НҚ бұйрығына өзгеріс енгізілсін:

Бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбедегі 22-жол алынып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік затты тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  2. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

        

 

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары
    Л. Р. Кашкымбаеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2022 жылғы 27 қазандағы № 25-06-1002/И хаты.

        

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау Комитетінің төрағасы

 

 

 

                     

 

                                Б. Байсеркин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Согласовано

14.11.2022 18:40 Кабденов Алишер К

14.11.2022 21:19 Кашкымбаева Лязят Рсымбековна

15.11.2022 09:06 Тулешов К.А.

Подписано

15.11.2022 11:24 Байсеркин Бауыржан Сатжанович

Дата публикации
18 ноября 2022