«Биденза» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы

№ 360-НҚ от 15.09.2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                                                                                             город Нур-Султан

 

 

 

 

«Биденза» дәрілік затының

тіркеу куәлігінің қолданылуын

тоқтата тұру туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 96,
139-баптарына, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің
155-158, 245-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Төрағасының «Биденза» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» 2022 жылғы 27 шілдедегі № 279-НҚ бұйрығының және «Биденза дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2022 жылғы 27 шілдедегі № 279-НҚ бұйрығының қолданылуын тоқтата тұру туралы» 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 344-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
  2. ҚР-ДЗ-5№025030, Үндістан, өндірушісі «БДР Фармасьютикалс Интернейшнл Пвт. Лтд.», «Биденза» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтата тұрылсын.
  3. Комитетінің фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  4. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

         3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жіберсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары С. А. Ержановаға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

          Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 7194-21-00-4/2162 ұйғарымы.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

Комитетінің Төрағасы                                                     Б. Байсеркин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Согласовано

15.09.2022 17:20 Кабденов Алишер К

15.09.2022 17:20 Тулешов К.А.

15.09.2022 17:26 Ержанова Сауле Амантаевна

Подписано

15.09.2022 19:21 Байсеркин Бауыржан Сатжанович

Дата публикации
04 октября 2022