№ 296-НҚ от 05.08.2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ
БҰЙРЫҚ
ПРИКАЗ
№
Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
Кейбір медициналық бұйымдарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 11-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтатуды алып тастау туралы хабарлауды;
2) қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтатуды алып тастау туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтасыз етсін.
Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2022 жылғы 4 тамыздағы № 09-11-1088/1896 хаты және «Эксперт» ЖК-нің 2022 жылғы 29 шілдедегі №104, 105, 106 хаттары.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
Комитетінің Төрағасы Б. Байсеркин
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрілігі
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитеті Төрағасының.
2022 жылғы __ тамыздағы
№__ бұйрығына қосымша
Медициналық бұйымдарды қалпына келтірілген тіркеу куәліктерінің тізбесі
|
№ |
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Тіркелген күні |
Медициналық бұйымның атауы |
Өндіруші, мемлекет |
|
1 |
ҚР-МТ-5№018503 |
23.11.2018 |
BC 5800 автоматты гематологиялық анализатор |
Шеншен мидрай Био-Медикал Електроникс Ко., Лтд,, Қытай |
|
2 |
ҚР-МТ-5№021129 |
28.09.2020 |
Биохимиялық анализатор BS-430 керек-жарақтарымен жиынтықта |
Шеншен мидрай Био-Медикал Електроникс Ко., Лтд,, Қытай |
|
3 |
ҚР-МТ-5№018701 |
08.01.2019 |
Биохимиялық автоматты BS-200E анализаторы керек-жарақтарымен жиынтықта |
Шеншен мидрай Био-Медикал Електроникс Ко., Лтд,, Қытай |
Согласовано
05.08.2022 12:40 Балтабекова Динара Жумагалиевна
05.08.2022 15:10 Ержанова Сауле Амантаевна
Подписано
05.08.2022 19:55 Байсеркин Бауыржан Сатжанович