Кейбір медициналық бұйымдардың серияларын (партияларын) тоқтата тұру туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

БАС МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОР

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

ГЛАВНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ ИНСПЕКТОР

 

                 ҚАУЛЫСЫ                                                                           ПОСТАНОВЛЕНИЕ

      2022 жылғы ___ шілдегі № ___                                                ___ июля 2022 года № ___

Нұр-Сұлтан қаласы                                                               город Нур-Султан

 

 

Кейбір медициналық бұйымдардың

серияларын (партияларын)

тоқтата тұру туралы

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының
3-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 25 желтоқсанда № 21906 болып тіркелді) (бұдан әрі – Ереже), БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтатылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде: Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын, өзге де мемлекеттік органдарды (құзыреттері бойынша), дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге хабарлау (жазбаша еркін нысанда);

2) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ 4-тармақ бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді.

  1. Сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар немесе қолданылуы тоқтатыла тұрған, тыйым салынған немесе қолданылуы шектелген, өткізу немесе өндіру, немесе айналыстан алып қоюға жататын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге оларды қайтару қажеттігі туралы хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде, Комитеттің аумақтық бөлімшесіне Қағидалардың 15-тармағына сәйкес растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қазанда № 21533 болып тіркелген) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің өз иелігіндегі жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларына сәйкес тиісті ақпарат ұсынсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап.

Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2021 жылғы 1 шілде
№ 25-06-661/И хаты.

 

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Бас

фармацевтикалық инспектор                                                 С. Ержанова

     

 

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Бас фармацевтикалық

инспектордың 2022 жылғы _

 ___ шілдегі № _____

қаулысына қосымша

 

Медициналық бұйымдардың кейбір серияларының (партияларының)

тоқтата тұруға жататын тізбесі

 

№ п/п

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Медициналық бұйымдардың атауы

Өндіруші, ел

Серия (партия) нөмірі

1.

ҚР-ММБ-5№022330

«Румакрил плюс» хирургиялық тігіс материалы

«RuMa Farm» ЖШС Казахстан

серия (lot) 220209T, 2022 жылдың ақпанына дейін жарамды, 2000 дана.

 

 

Согласовано

14.07.2022 15:44 Кулшанов Эрик Каиргалиевич

Подписано

14.07.2022 18:08 Ержанова Сауле Амантаевна

 

Дата публикации
18 июля 2022