Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағаның міндетін атқарушысының бұйрығы

№ 229-НҚ от 21.06.2022

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                                                                                             город Нур-Султан

 

 

 

«Қазақстан Республикасының тыс

аумағында өндірілген Комирнати

(COVID-19-ға қарсы мРНҚ негізіндегі вакцина нуклеозидтермен модификацияланған) дәрілік затының уақытша мемлекеттік

тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 153-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                              65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 қаулысымен бекітілген COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларының 22-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасының тыс аумағында өндірілген Комирнати (COVID-19-ға қарсы мРНҚ негізіндегі вакцина нуклеозидтермен модификацияланған) дәрілік затының уақытша мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының 2022 жылғы 26 сәуірдегі №153-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК–ның 2022 жылғы 14 маусымдағы № 17-06-617/И және Қазақстан Республикасындағы Pfizer Export B. V. (Pfizer Export B. V. Ви.) филиалының 2022 жылғы 3 маусымдағы № 998 хаты.

 

                                  

Төрағаның міндетін атқарушы

                    С. Ержанова

 

 

Согласовано

21.06.2022 12:00 Балтабекова Динара Жумагалиевна

Подписано

21.06.2022 18:00 Ержанова Сауле Амантаевна

Дата публикации
30 июня 2022