Қазақстан Республикасынан тыс аумағында өндірілген «Spikevax» COVID-19 қарсы вакцинасы дәрілік затын уақытша мемлекеттік тіркеу туралы

№ 183-НҚ от 17.05.2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                                                                                             город Нур-Султан

 

 

 

 

Қазақстан Республикасынан тыс

аумағында өндірілген «Spikevax» 

COVID-19 қарсы вакцинасы

дәрілік затын уақытша

мемлекеттік тіркеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 қаулысымен бекітілген СOVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларының 17-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес COVID-19 мРНҚ «Spikevax», вакцинасы (нуклеозидті модификацияланған) инъекцияға арналған дисперсия, 20 доза (0,25 мл) «Recipharm Monts, Испания» вакцина өндірістік алаңының GMP талаптарына сәйкестік сертификаты ҚР-БП - № 30 - 8 (сегіз) ай мерзіміне дәрілік заттың уақытша тіркеу куәлігі берілсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің төраға орынбасары С.А. Ержановаға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 21-05 хаттамасы және Комитеттің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы ШЖҚ РМК-ның  вакцинаның өндіруші елде тіркелгені/тіркелмегені және өндірістік алаңның GMP талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы 2022 жылғы 12 мамырдағы № 15-05-501/886 қорытындысы.

 

 

 

    

 

Төраға                                                                         Б. Байсеркин

 

Согласовано

17.05.2022 11:05 Балтабекова Динара Жумагалиевна

17.05.2022 11:23 Мукатаева Жанна Адильхановна

17.05.2022 11:26 Ержанова Сауле Амантаевна

Подписано

17.05.2022 13:02 Байсеркин Бауыржан Сатжанович

 

№ 183-НҚ от 17.05.2022

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті Төрағасының

 2022 жылғы __мамырдағы

№ __ бұйрығына

1 қосымша

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР-БП - № 30 уақытша тіркеу куәлігі

 

 

1.

Тіркеу куәлігін ұстаушының атауы

Moderna Biotech Spain S.L.

 

2.

Тіркеу куәлігін ұстаушының елі

Испания

 

дәрілік зат Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және оны медициналық практикада қолдануға рұқсат етілген (тіркелген дәрілік зат туралы ақпарат)

 

3.

Препараттың саудалық атауы

 Spikevax мРНК инъекцияға арналған суспензия-COVID-19 вакцинасы (модификацияланған нуклеозид)

4.

Отандық өндірушілер үшін экспортқа арналған сауда атауы

-

5.

Халықаралық патенттелмеген атауы (бар болса)

-

6.

Дәрілік нысаны

инъекцияға арналған суспензия

7.

Дозалануы

20 доза (0.25 мл)

8.

Өлшеп оралуы

Шыны құтыдағы 10 доза суспензиясы.

9.

Анатомиялық-терапиялық-химиялық сыныптауыш коды

J07BX03 Вакциналар, басқа вирустық вакциналар

10.

Белсенді заттардың құрамы

100 мкг элазомеран, COVID-19 -ға қарсы мРКН вакцинасы (SM-102 липидті нанобөлшектерге салынған)

11.

Сақтау мерзімі

Жабық құты:

-25°C-ден -15°C-қа дейінгі температурада 9 ай сақтау.

Ашық құты:

бастапқы ашылғаннан кейін 2 °C-тан 25 °C-қа дейінгі температурада 19 сағат ішінде рұқсат етілген пайдалану кезеңінде 2 °C-тан 8 °C-қа дейінгі температурада 30 күн және 8 °C-тан 25 °C-қа дейінгі температурада 24 сағат

12.

Босату тәртібі (рецепт бойынша, рецептсіз)

Арнайы емдеу мекемелері үшін

Дәрілік затты өндіруші туралы ақпарат

 

№

Ұйым түрі немесе өндіріс учаскесі

Ұйым атауы

Елі

1.

Өндірістік алаңы

Recipharm Monts

Испания

2.

Қаптаушы

Recipharm Monts

Испания

 

Уақытша мемлекеттік тіркеу күні: 2022 жылғы «17» мамыр № 28 шешім.

2023 жылғы «17» қаңтарға дейін жарамды.

Мемлекеттік орган басшысының (немесе уәкілетті тұлғаның)
Т.А.Ә. (бар болса): Бауыржан Сатжанович Байсеркин.

         Клиникалық зерттеулердің I - II фазаларының есептері және клиникалық зерттеу хаттамасында көзделген зерттеу субъектілерінің кемінде 50 (елу) %-ын қоса отырып жүргізілген зерттеулердің III фазасының аралық есебі болған кезде ерікті негізде уақытша тіркеу куәлігін алған вакциналарды медициналық қолдануға жол беріледі.

 

Согласовано

17.05.2022 11:05 Балтабекова Динара Жумагалиевна

17.05.2022 11:23 Мукатаева Жанна Адильхановна

17.05.2022 11:26 Ержанова Сауле Амантаевна

Подписано

17.05.2022 13:02 Байсеркин Бауыржан Сатжанович

Дата публикации
27 мая 2022