Қосымшаға сәйкес Кейбір медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы

№ 160НҚ от 05.05.2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                                                                                             город Нур-Султан

 

 

 

Кейбір медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 3-тармақтың 1-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

         3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар              4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты Комитеттің аумақтық бөлімшеге жіберсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары С. А. Ержановаға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2022 жылғы 29 cәуірдегі № 21-10-412/И хаты.

        

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау Комитетінің төрағасы

 

 

 

                     

 

                                Б. Байсеркин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрілігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті Төрағаның

 2022 жылғы __ мамырдағы

№__ бұйрығына қосымша

 

 

Медициналық бұйымдардың тоқтата тұруына тиісті тіркеу куәліктерінің тізбесі

 

№

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Тіркелген күні

Медициналық бұйымның атауы

Өндіруші, мемлекет

1

ҚР-МТ-5№018503

23.11.2018

BC 5800 автоматты гематологиялық анализатор

Шеншен мидрай Био-Медикал Електроникс Ко., Лтд,, Қытай

2

ҚР-МТ-5№021129

28.09.2020

Биохимиялық анализатор BS-430 керек-жарақтарымен жиынтықта

Шеншен мидрай Био-Медикал Електроникс Ко., Лтд,, Қытай

3

ҚР-МТ-5№018701

08.01.2019

Биохимиялық автоматты BS-200E анализаторы керек-жарақтарымен жиынтықта

Шеншен мидрай Био-Медикал Електроникс Ко., Лтд,, Қытай

 

 

Согласовано

05.05.2022 12:43 Балтабекова Динара Жумагалиевна

05.05.2022 18:19 Ержанова Сауле Амантаевна

05.05.2022 19:12 Мукатаева Жанна Адильхановна

Подписано

05.05.2022 19:20 Байсеркин Бауыржан Сатжанович

Дата публикации
27 мая 2022