№ 4-Қ от 27.04.2022
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
БАС МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОР |
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ГЛАВНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ ИНСПЕКТОР |
ҚАУЛЫСЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
Дәрілік зат сериясының (партиясының)
күшін тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының
3-тармағының 1) және 7) тармақшаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 25 желтоқсанда № 21906 болып тіркелді) (бұдан әрі – Ереже), ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын, өзге де мемлекеттік органдарды (құзыреттері бойынша), дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге (бұдан әрі – субъектілер) хабарлауды (жазбаша еркін нысанда);
2) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
3) дәрілік заттың 028103 сериясы (партиясы) бар субъектілердің оларды қайтару қажеттігі туралы хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде, Комитеттің аумақтық бөлімшесіне Қағидалардың 15-тармағына сәйкес растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өндірушіге, тіркеу куәлігінің ұстаушысына, дистрибьюторға қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қазанда № 21533 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрық) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің өз иелігіндегі жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларына сәйкес тиісті ақпаратты ұсынуды орындауды;
4) Комитетке осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: дәрілік препараттың тіпкеу куәлігін ұстаушысы «Астеллас Фарма Юроп Б.В.» (Нидерланды) 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 1634R хаты.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
фармацевтикалық инспекторы С. Ержанова
Согласовано
26.04.2022 13:07 Кулшанов Эрик Каиргалиевич
Подписано
27.04.2022 11:00 Ержанова Сауле Амантаевна