Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы

№ 138-НҚ от 07.04.2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                                                                                             город Нур-Султан

 

 

 

 

«Гидрокстиэтилкрахмал 200/0,5,

Гидроксиэтилкрахмал 130/0,4,

Гекодез, ГЭК-200 АФ, ГЭК-200 АФ» дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-320/2020 бұйрығымен бекітілген Фармакологиялық қадағалауды және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу қағидаларының 2-тарауының 1-параграфының  19-тармағының 4) тармақшасына,  2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Гидрокстиэтилкрахмал 200/0,5, инфузияға арналған ерітінді», өндірушісі «Kelun-Kazpharm» ЖШС, Қазақстан, ҚР-ДЗ-5№022277, Гидрокстиэтилкрахмал 130/0,4, инфузияға арналған ерітінді», өндірушісі «Kelun-Kazpharm» ЖШС, Қазақстан, ҚР-ДЗ-5№022278, «Гекодез, инфузияға арналған ерітінді», өндірушісі «Юрия-Фарм» ЖШҚ, Украина, ҚР-ДЗ-5№019611, «ГЭК-200 АФ, инфузияға арналған ерітінді», өндірушісі «НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ» ЖШС Қазақстан, ҚР-ДЗ-5№018238, «ГЭК-200 АФ, инфузияға арналған ерітінді», өндірушісі «НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ» ЖШС Қазақстан, ҚР-ДЗ-5№018240 дәрілік заттарының тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

         3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жіберсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары С. А. Ержановаға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2022 жылғы 4 наурыздағы №  25-06-192/И хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

Комитетінің төрағасы                                                              Б.Байсеркин

 

 

 

 

 

 

Согласовано

07.04.2022 11:45 Жакыпбаева Г. Д. ((и.о Мукатаева Ж. А.))

07.04.2022 12:11 Балтабекова Динара Жумагалиевна

07.04.2022 16:47 Ержанова Сауле Амантаевна

Подписано

07.04.2022 17:53 Байсеркин Бауыржан Сатжанович

Дата публикации
11 апреля 2022