Дәрілік заттың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы

«Класт® 5, үлбірлі қабықпен қапталған

таблеткалар, 5 мг», «Класт® 10, шайнайтын

таблеткалар, 10 мг» дәрілік заттың тіркеу

куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Класт® 5, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг», өндірушісі «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» Қазақстан, тіркеу куәлігінің нөмірі ҚР-ДЗ-5№019251, «Класт® 10, шайнайтын таблеткалар, 10 мг», өндірушісі «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» Қазақстан, ҚР-ДЗ-3№019643 дәрілік заттының тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

         3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары С. А. Ержановаға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ-ның 2022 жылғы 01 сәуірдегі № 744 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

Комитетінің төрағасы                                                                        Б.Байсеркин

 

 

 

 

 

 

Согласовано

05.04.2022 17:00 Жакыпбаева Г. Д. ((и.о Мукатаева Ж. А.))

05.04.2022 17:03 Балтабекова Динара Жумагалиевна

05.04.2022 20:06 Ержанова Сауле Амантаевна

Подписано

06.04.2022 09:18 Байсеркин Бауыржан Сатжанович

Дата публикации
11 апреля 2022