31.03.2022 ж № 123-НҚ бұйрығы

№ 123-НҚ от 31.03.2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                                                                                             город Нур-Султан

 

 

 

Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

         1.Осы бұйрықтың қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  2. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

         3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 5 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты Комитеттің аумақтық бөлімшеге жібереді.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары С.А. Ержановаға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: «ХИМФАРМ» АҚ-ның 2022 жылғы 4 наурыздағы № 489 хаты.

        

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау Комитетінің төрағасы

 

 

 

 

                            Б. Байсеркин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрілігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті төрағасының

2022 жылғы __ наурыздағы

№__ бұйрығына қосымша

 

 

Дәрілік заттардың тоқтатылуға тоқтатылуға тиісті тіркеу куәліктерінің тізбесі

 

№

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Тіркелген күні

Дәрілік заттың атауы

Өндіруші, мемлекет

1

ҚР-ДЗ-5№020206

27.12.2018

Алтадрин

Варшава фармацевтикалық зауыты Польфа АҚ, Польша

2

 

 

ҚР-ДЗ-5№023781

08.08.2018

Асарис

Полфармекс S.A., Польша

3

ҚР-ДЗ-5№023782

08.08.2018

Асарис

Полфармекс S.A., Польша

4

ҚР-ДЗ-5№023783

08.08.2018

Асарис

Полфармекс S.A., Польша

5

ҚР-ДЗ-5№023185

21.08.2017

Ипросан

Лабораторио Альдо-Юнион С.Л., Испания

6

ҚР-ДЗ-5№006314

05.07.2017

Кетотифен

"ПОЛЬФАРМА" фармацевтикалық

зауыты АҚ Нова Дембадағы

өндірістік бөлім, Польша

7

ҚР-ДЗ-5№023451

03.01.2018

Полмепур

Польфарма АҚ фармацевтикалық

Зауыты, Польша

8

ҚР-ДЗ-5№023452

03.01.2018

Полмепур

Польфарма АҚ фармацевтикалық

Зауыты, Польша

9

ҚР-ДЗ-5№023453

03.01.2018

Полмепур

Польфарма АҚ фармацевтикалық

Зауыты, Польша

10

ҚР-ДЗ-5№023454

03.01.2018

Полмепур

Польфарма АҚ фармацевтикалық

Зауыты, Польша

11

ҚР-ДЗ-5№019826

02.10.2018

Тобросопт

Варшава фармацевтикалық зауыты Польфа АҚ, Польша

 

 

Согласовано

31.03.2022 15:33 Балтабекова Динара Жумагалиевна

31.03.2022 18:39 Мукатаева Жанна Адильхановна

31.03.2022 18:48 Ержанова Сауле Амантаевна

Подписано

31.03.2022 18:58 Байсеркин Бауыржан Сатжанович

Дата публикации
06 апреля 2022