Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау

         Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларының барлық деңгейлеріндегі білім алушылар бағалауға жатады. 2 тарау 7 т. негізінде ҚР ДСМ 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 3-қосымшасы 2021 жылғы 1 сәуірден бастап медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер, орта, (техникалық және кәсіптік) орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық мамандар бағалауға жатады:
         1) мамандығы бойынша кәсіптік қызметінде үш жылдан астам үзілісі бар;
         2) медициналық оқиға, шағым жағдайында тиісінше орындамағаны туралы комиссия шешімі бойынша;                                                          3) сертификаттау курсынан өткендер;
          4) Қазақстан Республикасы аумағында рұқсат беру құжаттары және танылатын лицензиялық және (немесе) сертификаттау емтихандары жоқ шетел мамандары (бұдан әрі – үміткерлер);                                                       5) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алған тұлғалар.
         Егер клиникалық практикаға жіберу үшін сертификатқа үміткердің еңбек өтілі бар және қазіргі уақытта өтініш берілген мамандық бойынша жұмыс істейтін болса, онда кәсіптік даярлықты бағалаудан өтудің қажеті жоқ. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының базасында екі кезеңде жүзеге асырылады: - I кезең - білімді бағалау; - II кезең - дағдыларды бағалау. Білімді бағалау автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен тестілеу түрінде бағалаудың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ИСО) платформасында жүргізіледі. Дағдыларды бағалау симуляциялық технологияларды және ИСО пайдаланумен клиникалық станцияларда жүргізіледі. Бағалау кандидаттың таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.

Дата публикации
22 февраля 2022