«Қосылған құн салығының мөлшерлемесі өткізу бойынша салық салынатын айналымның және импорттың мөлшеріне қолданылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, жиынтықтауыш медициналық бұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесін бекіту туралы» (бұдан әрі – Тізбе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1204 қаулысына өзгерістер енгізілуіне байланысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін нысаналы мақсатты растауды беру алынып тасталды.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін нысаналы мақсатты растауды бұдан былай бермейді.
Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 542 қаулысымен қолданысқа енгізілді ( https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2600000542#z36 ).
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, қосылған құн салығының мөлшерлемесі 5 пайыз, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 пайыз көлемінде, Тізбеге енгізілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу және импорттау бойынша салық салынатын айналымға қолданылады, мынадай құжаттар болған кезде:
Кедендік ресімдеуге және салық жеңілдіктерін қолдануға құжаттар дайындау кезінде көрсетілген өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Тізбенің жаңартылған нұсқасын «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінен көруге болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2500001204