GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Департамент туралы
Все материалы
Фармацевтикалық қызметті бақылау
27 августа 2026
«БІР ТЕРЕЗЕ» ҚАҒИДАТЫ БОЙЫНША КОМПОЗИТТІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
Фармацевтикалық қызметті бақылау
10 августа 2026
Қазақстанда 589 дәрілік препараттың бағасы төмендеді
Шілде айында еліміздегі дәріханаларда бақыланатын дәрілік заттардың төрттен біріне жуығының бағасы арзандады
Қазақстанда шілде айында 589 дәрілік препараттың бөлшек саудадағы бағасы төмендеді. Мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды.
Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал 147 препараттың бағасы 20%-дан астам төмендесе, тағы 198 препараттың бағасы 10–20%-ға, 244 атаудың бағасы 5–10%-ға арзандаған.
Бағасы төмендеген дәрілік заттардың қатарында инфекциялық ауруларды, жүрек-қан тамырлары ауруларын және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын препараттар бар.
Атап айтқанда, Зитмак®️ 250 мг №6 препаратының бағасы 24,25%-ға, Цефтриаксон 1 г – 22,03%-ға, Пантап®️ 20 мг №14 – 20,1%-ға* төмендеді. Сонымен қатар, *Лизиноприл-ЛФ 20 мг №10 – 14,7%-ға, Энап®️ 5 мг №10 – 13,27%-ға, Пульмикорт 0,25 мл – 11,09%-ға, Амоксиклав 875 мг/125 мг – 6,86%-ға арзандады.
Бағалар нақты уақыт режимінде бақыланады
Дәрілік заттардың нақты құны таңбалау және қадағалау жүйесі арқылы бақыланады. Бұл жүйе дәрілік препараттардың медициналық ұйымдар мен дәріханалардағы қозғалысы мен қолжетімділігін бақылауға, сондай-ақ нақты бағаларды мемлекет белгілеген шекті бағалармен салыстыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, цифрлық құралдар фармацевтикалық нарықтағы өзгерістерді жедел анықтап, белгіленген шекті бағалардың асып кету жағдайларына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.
Тұтынушылар үшін қосымша тексеру құралы ретінде Naqty Onim мобильдік қосымшасы қолжетімді. Онда препараттың өндірушісі мен дистрибьюторы, сатылатын дәріхана, сондай-ақ белгіленген шекті бөлшек сауда бағасы туралы ақпаратты көруге болады.
Мемлекеттік баға реттеуі барынша нысаналы сипатқа ие болды
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу тәсілдерін қайта қарады. Енді негізгі басымдық әлеуметтік маңызы бар және халық арасында сұранысқа ие препараттарға берілген.
Тізбені өзектендіру нәтижесінде мемлекеттік баға реттеуі 3 039 рецепт арқылы босатылатын дәрілік препаратқа қолданылады. Ал 4 918 препарат, оның ішінде рецептсіз босатылатын дәрілік заттар және құны 1 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын рецепт арқылы босатылатын препараттар мемлекеттік баға реттеуінен шығарылды.
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл мемлекеттік бақылауды халық үшін ең маңызды дәрілік заттарға шоғырландыруға және сонымен қатар фармацевтикалық нарыққа түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Шекті бағалардың сақталуына бақылау жалғасуда. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында белгіленген шекті бағаларды асырудың 6 фактісі анықталып, олар бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құрады.
Дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс өндірушілермен, дистрибьюторлармен және дәріхана ұйымдарымен бірлесіп жалғасуда. Шілде айының соңында Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық нарық қатысушыларымен кеңес өткізіп, онда дәрілік заттарды жеткізудің тұрақтылығы және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері талқыланды.
30 июля 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУЫН ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен оларға ықпал ететін жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 27 шілде мен 21 тамыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы немесе оларды жою жөніндегі ұсыныстарыңызды dkmfkalmaty@dsm.gov.kz электрондық поштасына немесе Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63 мекенжайына жолдай аласыздар. Байланыс телефоны: +7 (727) 273-00-94.
Медициналық қызметті бақылау
03 июля 2026
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУДАҒЫ ЖАҢА ТАЛАПТАР
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті лицензиялау талаптарын жаңартты.
📌 2026 жылғы 12 шілдеден бастап барлық медициналық ұйымдар:
РБЖ-2.0 жүйесіне
Ұлттық электрондық денсаулық паспортына
тіркелген медициналық/зертханалық цифрлық жүйелерге
міндетті түрде қосылуы тиіс.
🏥 Лицензия алу үшін негізгі талаптар:
санитариялық талаптарға сәйкес келетін үй-жайдың болуы
білікті мамандардың (сертификат, біліктілікті арттыру) болуы
медициналық стандарттарға сәйкес келетін жабдықтардың болуы
тіркелген жеткізушіден алынған медициналық цифрлық жүйенің болуы
🏛 Лицензияны Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері береді және талаптардың сақталуын тексереді.
📌 Жаңа талаптар медициналық қызмет сапасын арттыруға және цифрландыруды дамытуға бағытталған.
Фармацевтикалық қызметті бақылау
03 июля 2026
АНТИБИОТИКТЕРДІ ТЕК ДӘРІГЕРДІҢ ТАҒАЙЫНДАУЫМЕН ҚАБЫЛДАҢЫЗ!
Антибиотиктер – бактериялық инфекцияларды емдеуге арналған дәрілік заттар. Оларды дәрігердің тағайындауынсыз қабылдау денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Антибиотиктер вирустық инфекцияларға, соның ішінде тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекцияларға қарсы әсер етпейді. Сондықтан антибиотиктерді өз бетінше қолдану аурудың асқынуына, емнің нәтижесіз болуына және антибиотиктерге төзімді микроорганизмдердің қалыптасуына алып келуі ықтимал.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, рецепті бойынша босатылатын антибиотиктерді дәрігердің рецептісіз өткізуге жол берілмейді. Бұл талап халықтың денсаулығын қорғауға, дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға және антибиотиктерге төзімділіктің таралуының алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, рецептімен босатылатын дәрілік заттарды дәріхананың сауда залында орналастыруға тыйым салынады.
Фармацевтикалық қызмет субъектілері дәрілік заттарды өткізу кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтауға міндетті. Белгіленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз! Антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауы бойынша және рецепт негізінде қабылдаңыз. Дұрыс ем – тез сауығудың және денсаулықты сақтаудың кепілі.
29 июня 2026
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында Департамент басшысы медицина саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі және адал еңбегі үшін қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасылық амандық және қызметтеріне табыс тіледі.

Мерекелік іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлері Д.М. Сарсенбаев, А.А. Адилев, М.К. Казбеков, К.У. Коргабаева, Р.К. Кантаева, К.Г. Каташев, Н.Б. Харьковская және Д.Ф. Ракаева Департамент басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері Г. Джумамуратова мен Ж. Мадимарова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері Г. Джумамуратова мен А. Абишева «Оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК директорының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Жас мамандарды қолдау және олардың кәсіби дамуын ынталандыру мақсатында Департаменттің жас қызметкерлері Ж. Жақыпбек пен А. Багланова Департамент басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара соңында марапат иелеріне алдағы қызметтеріне табыс тіленіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін алғыс білдірілді.

29 июня 2026
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТІК КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған қызметтік кеңес өтті.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру тәртібіне, кадрлық процестерді цифрландыруға, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктеріне, қызметтік әдеп талаптарына, тәртіптік жауапкершілікке және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа шектеулерге қатысты заңнамадағы негізгі өзгерістерді түсіндірді.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылардың практикалық сұрақтарына жауаптар беріліп, мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ аталған ақпаратты Департаменттің барлық қызметкерлеріне жеткізу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Фармацевтикалық қызметті бақылау
10 июня 2026
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ САТЫП АЛУ ҚАУІПТІ БОЛУЫ МҮМКІН

2026 жылы Қазақстанда кәмелетке толмағандардың интернет арқылы салмақ азайтуға арналған препараттарды және құрамында денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін компоненттері бар басқа да құралдарды өз бетінше сатып алуы салдарынан ауыр улану жағдайлары тіркелді. Медициналық ұйымдардың мәліметтері бойынша, мұндай препараттарды бақылаусыз қолдану денсаулыққа ауыр зардаптар әкелген.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сапасын растайтын құжаттары жоқ немесе белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатуға тыйым салынады. Сонымен қатар қолданыстағы қағидаларға сәйкес дәрілік заттар балаларға босатылмайды.

Алайда, ашық интернет көздерінде, жекелеген маркетплейстер мен онлайн сауда алаңдарында шығу тегі мен қауіпсіздігі күмән тудыратын дәрілік заттарды сату туралы ұсыныстар анықталуда.

 

Халыққа арналған ұсынымдар

Өз денсаулығыңызды және балаларыңыздың денсаулығын қорғау үшін:

- дәрілік заттарды тек лицензияланған дәріханалардан және ресми интернет-дәріханалардан сатып алыңыз;

- сатып алмас бұрын препараттың мемлекеттік тіркеуден өткенін тексеріңіз;

- күмәнді сайттардан, әлеуметтік желілерден және ресми емес сауда алаңдарынан дәрілік заттарға тапсырыс бермеңіз;

- дәрігердің кеңесінсіз салмақ азайтуға арналған препараттарды және басқа дәрілік заттарды қолданбаңыз;

- кәмелетке толмағандардың дәрілік заттарды өз бетінше сатып алуына және қолдануына жол бермеңіз;

- нұсқаулықтың, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі таңбалаудың болмауына, сондай-ақ өнім бағасының күмәнді түрде арзан болуына назар аударыңыз;

- егер екінші реттік қаптамада (қорапта) QR-код болса, оны DariKZ және Naqty Ónim мобильді қосымшалары арқылы тексеріңіз.

Тіркелмеген, айналымына тыйым салынған немесе күмән тудыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сату фактілері анықталған жағдайда, бұл туралы интернет-платформалар әкімшілігіне, сондай-ақ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне дереу хабарлау ұсыну сұралады.

 

Байланыс деректері:

Мекенжайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63;

- E-өтініш арқылы;

- Онлайн байланыс арқылы (тел.: 8 (727) 273-48-51).

Уәкілетті органдарды уақтылы хабардар ету дәрілік заттардың заңсыз айналымының жолын кесуге және азаматтардың денсаулығын қорғауға ықпал етеді.

09 июня 2026
ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ЖҰМЫС РЕЖИМІ ӨЗГЕРТІЛДІ

2026 жылғы 4 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде жаңа жұмыс режимі енгізілді.

Жұмыс уақыты сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін белгіленген.

Түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Департаментке жүгіну кезінде жұмыс режиміндегі өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз.

Фармацевтикалық қызметті бақылау
08 июня 2026
«АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПРОВИЗОРЫ – 2026» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

2026 жылғы 8 маусымда Медицина қызметкері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алматы қаласының үздік провизоры – 2026» конкурсын өткізді. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін бес кандидатты конкурсқа қатысуға жіберді.

Конкурс нәтижелері бойынша бірінші орынды Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының фармацевт-провизоры Косимова Мунис Закировна иеленді. Екінші орын «Инкар» ЖШС-нің фармацевт-провизоры Талантова Диана Дарынқызына берілді. Үшінші орынды «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ-ның фармацевт-провизоры Кожабекова Меруерт Мейрхановна иеленді.

Алғыс хаттармен «Инкар» ЖШС дәріханалар желісінің менеджері Ершеева Динара Сериковна және «Кошимбаева» ЖК фармацевт-провизоры Намазакова Сабина Мухамбеталиевна марапатталды.

Аталған конкурс фармацевтика мамандығының беделін арттыруға, саладағы үздік мамандарды қолдауға және Алматы қаласының кәсіби фармацевтикалық қоғамдастығын дамытуға бағытталған.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы