
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шiлдедегi № 58 бұйрығын, «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығын түсіндіру бойынша 2025 жылғы 27 наурызда «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлайды.
Кеңес алу үшін барлық тұлғаларды сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) №111 кабинетке келулерін сұраймыз.
Департаменттің мекенжайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63.
Анықтама телефоны: +7 (727) 273-00-94.