
«Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 қаулысын орындау үшін дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу және «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-11 бұйрығының талаптарын сақтау бойынша Қазақстанда 2024 жылғы 1 шілдеден бастап дәрілік заттарды міндетті таңбалау және қадағалау енгізіледі.
Көрсетілгенге байланысты бөлшек дәріханалар оператордың ақпараттық жүйесінде – «Казахтелеком» АҚ – да тіркеліп, қоса берілген техникалық талаптар бойынша 2D-сканерлермен немесе деректер жинау терминалдарымен (ДЖТ) жабдықталуы тиіс.
Дәрілік заттарды таңбалауға және қадағалауға арналған дәріхана ұйымдарының дайындығы туралы ақпарат жинау үшін басшы куәландырған кестені толтырып, Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаментіне (бұдан әрі – Департамент) жіберу қажет.
Сондай-ақ, дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау туралы ақпарат Департаменттің сайтында орналастырылғанын хабарлаймыз, кеңесті мына мекенжай бойынша алуға болады: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 63, 111 кабинет немесе 273 44 10 телефоны, 87074043563 ұялы телефоны (WhatsApp).