ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН ШЕТЕЛ АЗАМАТТЫҒЫ БАР АДАМДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҚАНДАЙ ПАКЕТТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІНЕ СЕНЕ АЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН ШЕТЕЛ АЗАМАТТЫҒЫ БАР АДАМДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҚАНДАЙ ПАКЕТТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІНЕ СЕНЕ АЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығымен айқындалған тізбе бойынша және көлемде айналасындағыларға (инфекциялық, психикалық аурулар кезінде) қауіп төндіретін аурулар кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) алуға құқығы бар.

Сондай-ақ, ТМККК шеңберінде ТМД елдерінен Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктер кенеттен болған жіті жай-күйлер мен науқастың өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулар, жазатайым оқиғалар, уланулар, жарақаттар, босану және жүктілік кезеңіндегі шұғыл жай-күйлер кезінде жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек алуға құқылы. Науқастың өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына төнген қауіп жойылған және оны тасымалдау мүмкін болған сәттен бастап одан әрі медициналық көмек ақылы негізде жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, ЕАЭО – ға мүше мемлекеттердің еңбекші көшіп-қонушылар мәртебесіндегі (Қазақстанда ресми жұмыс орны бар) азаматтары және олардың отбасы мүшелері (бірге тұратын жұбайы/зайыбы және балалары) медициналық сақтандыру жүйесіне тұрақты төлемдер енгізілген жағдайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде медициналық көмек ала алады.

Жұмыс берушіден алғашқы жарналар мен аударымдар түскеннен кейін еңбек мигранты ҚР-дағы еңбек қызметінің басталуы туралы медициналық сақтандыру қорына (Qolday24/7 мобильді қосымшасы арқылы, сайтқа немесе кеңсеге) өтініш беруі қажет (алдыңғы 12 айдағы шартты берешек осылайша жойылады).

Еңбек мигранттарының жұмыс істемейтін отбасы мүшелері қорға ай сайын 3 мың теңге мөлшерінде жарна төлейді.

Бұл ретте өз бетінше жұмысқа орналасуға келген немесе жұмыс берушілер тартатын шетелдік қызметкерлер Қазақстанға келген кезде алғашқы медициналық-санитариялық және стационарлық көмекке ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) шартын жасасуға міндетті («Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 35-бабына сәйкес).

ЕМС қолданыстағы шартының негізінде Ресейден келген еңбек мигранттары емханаға тіркелуге құқылы. Ол үшін емхананың өзінде өтініш жазу, жеке басын куәландыратын құжатты және ЕМС шартын қоса беру қажет. Бұл ретте емханаға тіркелу ерікті медициналық сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталатын болады.

Сонымен қатар, Ресейден келген ресми еңбек мигранттарының отбасы мүшелері, егер олар белгілі бір жеңілдік санатына кірсе, зейнетақы төлемдерін, резиденттік мемлекетте Мүгедектігі бойынша әлеуметтік төлемдер алатындардан басқа, МӘМС жүйесінде жеңілдік мәртебесін алуға өтініш бере алады.

ҚР аумағына келетін және тұруға ықтиярхат (ЖНЖ) алатын шетелдік азаматтығы бар адамдардың санаттары МӘМС жүйесі шеңберінде МӘМС төлемдері болған кезде Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда медициналық көмек алуға құқылы екенін атап өткен жөн.

Ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекті ЕМС тиісті шарты болған жағдайда ҚР аумағындағы шетел азаматтығы бар адамдардың барлық санаттары ала алады.