Шетелдіктерді (оның ішінде РФ азаматтарына) жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша шетелдік мамандарды сертификаттау рәсімін түсіндіру

Шетелдіктерді (оның ішінде РФ азаматтарына) жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша шетелдік мамандарды сертификаттау рәсімін түсіндіру

Шетелдіктерді (оның ішінде РФ азаматтарына) жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша шетелдік мамандарды сертификаттау рәсімін түсіндіру (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес):

* Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

* Қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні

* Қызмет – өтінімді қабылдау / сертификатты «электрондық үкімет» порталы арқылы беру (www.egov.kz, www.elicense.kz)

* Қызмет тегін

* Көрсетілетін қызметті алушылар келесі құжаттарды тапсырады:

1) өтініш;

2) шетелдік маманның жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) Білім туралы құжаттарды тану туралы құжат – ҚР БҒМ «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК – 30 күнтізбелік күн;

4) тұратын елінде берілген мамандық бойынша клиникалық практиканың жүзеге асырылуын растайтын құжат-анықтама, еңбек кітапшасы (жұмысқа алғаш кіріскен адамдар ұсынбайды);

5) соңғы бес жылда мәлімделген мамандық бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік, жалпы көлемі кемінде 108 сағат немесе 3 жылдан астам еңбек өтілі үзілгенде – 216 сағат;

6) білім мен дағдыларды бағалау нәтижесі.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 27-бабына сәйкес маман сертификатынсыз клиникалық практикамен айналысуға тыйым салынады.