GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Медициналық қызметті бақылау
09 октября 2026
Департаментке қандай мәселелер мен шағымдар бойынша жүгінуге болады?

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
Департаментке қандай мәселелер мен шағымдар бойынша жүгінуге болады?
Департаментке азаматтардан, медицина қызметкерлерінен, медициналық ұйымдардан және басқа да заңды тұлғалардан медициналық қызметтер көрсетуге және медициналық қызметке қатысты мәселелер бойынша өтініштер келіп түседі.
Егер сіз де осындай жағдайға тап болсаңыз және мәселе Департаменттің құзыретіне жататын болса, өтініш жолдай аласыз.
📌 Өтініш берер алдында ҚР ӘРПК-нің 63-бабының талаптарын сақтау маңызды.
Жазбаша немесе электрондық өтініште:
☑️ өтініш иесі туралы мәліметтер;
☑️ өтініш жолданатын органның немесе лауазымды адамның атауы;
☑️ өтініштің мәні;
☑️ өтініш берілген күн;
☑️ өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы / ЭЦҚ көрсетілуі тиіс.
Егер баяндалған мән-жайларды растайтын құжаттар немесе өзге де материалдар болса, оларды өтінішке қоса беріңіз: медициналық құжаттар, шарттар мен чектер, фотосуреттер, скриншоттар, сілтемелер және жағдайға қатысты басқа да материалдар.
Мән-жайларды неғұрлым нақты баяндап, растайтын материалдарды қоса берсеңіз, өтініште көрсетілген дәлелдерді соғұрлым толық қарастыруға мүмкіндік болады.
🏥 «Маған медициналық көмек көрсетілді, бірақ заң бұзушылықтар болды деп есептеймін. Не істеу керек?»
Егер жағдай медициналық қызметтер көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталуына байланысты болса және Департаменттің құзыретіне жатса, сіз өтініш жолдай аласыз.
Бұл медициналық көмек тиісті деңгейде көрсетілмеді деп есептейтін, медициналық көмекті ұйымдастыруға қатысты сұрақтар туындаған немесе медициналық ұйым белгіленген талаптарды бұзды деп санайтын жағдайларға қатысты болуы мүмкін.
📌 Жағдайдың мән-жайларын егжей-тегжейлі баяндап, қолда бар растайтын материалдарды қоса беріңіз.
📄 «Медициналық ұйымға қатысты шағымым бар. Қайда жүгінуім керек?»
Егер шағым медициналық қызметтер көрсетуге байланысты болса және Департаменттің құзыретіне жатса, сіз өтініш жолдай аласыз.
Нақты не болғанын, жағдайдың қайда және қашан болғанын, оның қай медициналық ұйымға қатысты екенін, нақты қандай бұзушылық бар деп есептейтініңізді және баяндалған мән-жайларды қандай материалдар растайтынын көрсетіңіз.
📌 «Менің құқықтарым бұзылды» деген жалпы сөзбен шектелмей, жағдайды нақты сипаттаңыз.
🏢 «Медициналық ұйым ашқым келеді. Лицензия қажет пе?»
Клиника, медициналық кабинет немесе медициналық қызметтер көрсететін басқа да ұйым ашу кезінде лицензия алу қажеттілігіне, белгіленген талаптарға және рұқсат беру рәсімдерінен өтуге қатысты сұрақтар туындауы мүмкін.
Департамент өз құзыреті шегінде медициналық қызметті лицензиялауды және рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады.
📌 Медициналық қызметті лицензиялауға қатысты мәселелер бойынша Департаментке жүгіне аласыз.
👨‍⚕️ «Маман сертификатына қатысты сұрағым бар. Қайда жүгінуім керек?»
Медицина қызметкерлері клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатына қатысты мәселелер бойынша Департаментке оның құзыреті шегінде жүгіне алады.
Сондай-ақ Департамент қызметінің саласына:
* клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын;
* денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын;
* клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатын беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер жатады.
📌 Тиісті мемлекеттік қызметке қатысты сұрақ туындаса, түсіндірме алу үшін жүгіне аласыз.
🩺 «Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтамасы бойынша жүгінуге бола ма?»
Белгілі бір жағдайларда — иә.
Егер уақытша еңбекке жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру кезінде белгіленген талаптар бұзылды деп есептесеңіз, бұл мәселе Департаменттің мемлекеттік бақылау саласына жатуы мүмкін.
Өтініште қандай құжат берілгенін, оны қашан және қай медициналық ұйым бергенін, нақты қандай бұзушылық бар деп есептейтініңізді және баяндалған мән-жайларды қандай құжаттар растайтынын көрсетіңіз.
📎 Растайтын құжаттар болған жағдайда, оларды өтінішке қоса беріңіз.
📱 «Медициналық қызметтердің жарнамасына шағымдануға бола ма?»
Иә, егер мәселе Департаменттің құзыретіне жататын болса.
Өтініш:
* медициналық ұйымның жарнамасына;
* медициналық қызметтің жарнамасына;
* медициналық қызметтердің жарнамасы ретінде таратылатын өзге де ақпаратқа қатысты болуы мүмкін.
Жарнаманы қайда және қашан көргеніңізді, сондай-ақ нақты қандай бұзушылық бар деп есептейтініңізді көрсетіңіз.
📎 Егер жарнаманың скриншоты, фотосуреті, бейнежазбасы немесе сілтемесі болса, оларды өтінішке қоса беріңіз.
🏥 «Медициналық ұйым Департаментке өзі жүгіне ала ма?»
Иә. Департаментке тек азаматтар ғана емес, жеке және заңды тұлғалар, медициналық ұйымдар мен медицина қызметкерлері де жүгіне алады.
Медициналық ұйымдар:
* медициналық қызметті лицензиялау;
* рұқсат беру рәсімдері;
* медициналық қызметтер көрсету саласындағы талаптар;
* Департаменттің құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша жүгіне алады.
❓ «Менің мәселем Департаменттің құзыретіне жататынына сенімді емеспін. Не істеу керек?»
Жағдайды сипаттаңыз: не болғанын, қашан және қайда болғанын, оның қай медициналық ұйымға немесе маманға қатысты екенін, қандай бұзушылық немесе мәселе бар деп есептейтініңізді және қолыңызда қандай растайтын материалдар бар екенін көрсетіңіз.
Егер мәселе Департаменттің құзыретіне жатса, өтініш белгіленген тәртіппен қаралады.
Егер өтінішті қарау Департаменттің құзыретіне жатпаса, ол ҚР ӘРПК-нің 65-бабына сәйкес тиісті әкімшілік органға немесе лауазымды адамға әрі қарай қарау үшін жолданады.
📢 Осындай жағдайға тап болдыңыз ба?
Егер сіздің мәселеңіз:
✔️ медициналық қызметтер көрсетуге;
✔️ медициналық қызмет саласындағы талаптардың сақталуына;
✔️ медициналық қызметті лицензиялауға;
✔️ рұқсат беру рәсімдеріне;
✔️ мамандардың сертификаттарына;
✔️ уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары мен анықтамаларын беруге;
✔️ медициналық қызметтердің жарнамасына;
✔️ Департаменттің құзыретіне жататын өзге де мәселелерге қатысты болса —
ДЕПАРТАМЕНТКЕ ӨТІНІШ ЖОЛДАЙ АЛАСЫЗ.
🔖 Жарияланымды сақтап қойыңыз — бұл ақпарат осындай мәселелер туындаған жағдайда қажет болуы мүмкін.

Медициналық қызметті бақылау
09 октября 2026
ҚР ДСМ Медициналық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен медициналық ұйымдарды аккредиттеуге қатысты онлайн-конференция өткізілді

ҚР ДСМ Медициналық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен медициналық ұйымдарды аккредиттеуге қатысты онлайн-конференция өткізілді

2026 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті медициналық ұйымдарды аккредиттеумен қамту деңгейін арттыру және республикалық жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында Zoom платформасы арқылы онлайн-конференция өткізді.

Конференция барысында медициналық ұйымдарды аккредиттеумен қамту деңгейін арттыру мәселелері талқыланып, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруге назар аударылды.

Іс-шараға медициналық ұйым басшыларының тиісті орынбасарлары мен аккредиттеу мәселелеріне жауапты мамандар қатысты.

Аккредиттеу жүйесін дамыту медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Медициналық қызметті бақылау
07 октября 2026
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 2026 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

2026 жылдың 9 айында Алматы облысы бойынша 541 өтініш тіркелді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (353 өтініш) 188 өтінішке немесе 53,3%-ға көп.

Тексерулер жүргізіле отырып 77 өтініш қаралды, ал 2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 72 өтінішті құраған. Тіркелген бақылау іс-шараларының жалпы саны 87, оның ішінде бару арқылы жүргізілген 10 профилактикалық бақылау және 77 жоспардан тыс тексеру. 2025 жылы 77 бақылау іс-шарасы өткізілген, оның ішінде 1 профилактикалық бақылау және 76 жоспардан тыс тексеру.

Жоспардан тыс тексерулерді жүргізуге 242 тәуелсіз сарапшы тартылды.

Тексерулер жүргізіле отырып қаралған өтініштердің нәтижелері бойынша:

-          негізді – 27 (35,1%);

-          ішінара негізді – 29 (37,7%);

-          негізсіз – 21 (27,3%).

Шағымдардың бейіндер бойынша құрылымы:

-          терапиялық бейін – 15 (19,5%);

-          хирургиялық бейін – 1 (1,3%);

-          педиатриялық бейін – 4 (5,2%);

-          акушерлік-гинекологиялық бейін – 5 (6,5%);

-          стоматологиялық бейін – 5 (6,5%);

-          инфекциялық бейін – 6 (7,8%);

-          өзге де – 41 (53,2%).

Шағымдардың жүгіну себептері бойынша құрылымы:

-          сапасыз емдеу және тексеруге қатысты – 38 (49,4%);

-          ауруханаға жатқызудан бас тартуға қатысты – 8 (10,4%);

-          еңбекке жарамсыздық парағын берудің негізділігі бойынша тексеру жүргізіле отырып қаралған өтініштер тіркелмеген;

-          өзге себептер – 31 (40,3%).

2025 жылмен салыстырғанда сапасыз емдеу және тексеруге қатысты шағымдар саны 33-тен 38-ге, ал ауруханаға жатқызудан бас тартуға қатысты шағымдар саны 1-ден 8-ге дейін өсті. Бұл ретте өзге себептердің үлесі 48,6%-дан 40,3%-ға дейін төмендеді.

Медициналық қызмет саласындағы бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 2 388 580 теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 34 хаттама жасалды:

-          ҚР ӘРПК-ның 80-бабының 2-1-бөлігі бойынша – 486 562,5 теңге сомасына 14 хаттама;

-          ҚР ӘРПК-ның 82-бабының 1-бөлігі бойынша – 9 830 теңге сомасына 1 хаттама;

-          ҚР ӘРПК-ның 230-бабы бойынша – 692 000 теңге сомасына 2 хаттама;

-          ҚР ӘРПК-ның 424-бабының 1-бөлігі бойынша – 854 187,5 теңге сомасына 15 хаттама;

-          ҚР ӘРПК-ның 424-бабының 2-бөлігі бойынша – 21 625 теңге сомасына 1 хаттама;

-          ҚР ӘРПК-ның 464-бабының 1-бөлігі бойынша – 324 375 теңге сомасына 1 хаттама.

Құқық қорғау және сот органдарына 46 материал жолданды, бұл 2025 жылдың 9 айымен салыстырғанда (38 материал) 8 материалға немесе 21,1%-ға көп. Оның ішінде 44 материал – ішкі істер органдарына, 1 материал – экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес органдарына, 1 материал – сот органдарына жолданды.

Шаралар қабылдау үшін барлығы 89 ақпарат жолданды: оның ішінде 43-і – Денсаулық сақтау басқармасына, 46-сы – құқық қорғау және сот органдарына.

2025 жылдың сәйкес кезеңінде барлығы 83 ақпарат жолданған, оның ішінде 46-сы – Денсаулық сақтау басқармасына, 37-сі – құқық қорғау және сот органдарына.

2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Департамент тарапынан (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтерді қоспағанда) қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері, «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (www.elicense.kz) арқылы электрондық нысанда барлығы 8 695 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 6 286 қызмет бойынша оң шешім қабылданды, 2 409 қызмет бойынша бас тартылды, оның ішінде:

1. Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру – барлығы 8 126 қызмет, оның ішінде 6 023 сертификат берілді, 2 103 өтініш бойынша бас тартылды;

2. Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру – барлығы 72 қызмет, оның ішінде 35 сертификат берілді, 37 өтініш бойынша бас тартылды;

3. Медициналық қызметке лицензия беру – барлығы 445 қызмет (жеке тұлғаларға – 29, заңды тұлғаларға – 416), оның ішінде 207 лицензия берілді (жеке тұлғаларға – 14, заңды тұлғаларға – 193), 238 өтініш бойынша бас тартылды (жеке тұлғаларға – 14, заңды тұлғаларға – 214);

4. Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын беру – барлығы 52 қызмет (тек жеке тұлғаларға көрсетілген), оның ішінде 21 сертификат берілді,31 өтініш бойынша бас тартылды.

Медициналық қызметті бақылау
05 октября 2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АУМАҚТЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

Құрметті азаматтар, жеке кәсіпкерлер, медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың өкілдері!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің құрылымына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 3 тамыздағы № 695 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволарын қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Қайта ұйымдастыру нәтижесінде жекелеген аумақтық бөлімшелер құрылды:

🔹 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитетінің;

🔹 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Мемлекеттік органдардың құрылымына өзгерістер енгізілуіне байланысты азаматтардан, жеке кәсіпкерлерден, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың өкілдерінен өтініштер беру және мемлекеттік қызметтерді алу кезінде аталған өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

Мемлекеттік органды таңдау кезінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі мен өтініштің мәнін басшылыққа алу қажет:

🔹 медициналық қызметтерді (көмекті) көрсетуге қатысты мәселелер бойынша — Медициналық бақылау комитеті;

🔹 фармацевтикалық қызметке және дәрілік заттардың айналымына қатысты мәселелер бойынша — Фармация комитеті.

⚠️ МАҢЫЗДЫ!

Өтініш берген кезде департаментті облыстар бойынша дұрыс таңдау қажет.

Мемлекеттік органды дұрыс таңдамау қайта өтініш беруге немесе өтінішті тиісті ведомствоға қайта жолдауға қажеттілік туындатуы мүмкін.

Осы ақпаратты назарға алып, мемлекеттік қызметтерге жүгіну кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен одан әрі өзара іс-қимыл жасау барысында енгізілген өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

Фармацевтикалық қызметті бақылау
Медициналық қызметті бақылау
28 сентября 2026
2026 жылға арналған Дәріханалық тиісті практика (GPP) стандартын енгізу жоспары аясында ШЖҚ «Шелек ауылының №1 Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы» МКК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген инспекциялық тексеруден сәтті өтіп, GPP стандарты талаптарына сәйкестік сертификатын алды.

2026 жылға арналған Дәріханалық тиісті практика (GPP) стандартын енгізу жоспары аясында ШЖҚ «Шелек ауылының №1 Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы» МКК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген инспекциялық тексеруден сәтті өтіп, GPP стандарты талаптарына сәйкестік сертификатын алды.

Фармацевтикалық қызметті бақылау
Медициналық қызметті бақылау
22 сентября 2026
"Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 50 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 «Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды

Атап айтқанда, № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттары 1-1-қосымшамен толықтырылды.

1-1-қосымшамен ауыл халқына амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымын және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерін жарақтандырудың ең төменгі стандарты бекітілді.

Лицензиаттардың назарына ауыл халқына амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде медициналық бұйымдармен жарақтандыруға қойылатын белгіленген талаптарды ескеру қажеттігін назарға саламыз.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығының 2026 жылғы 13 мамырдағы № 50 бұйрықпен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, қолданыстағы редакциясын басшылыққа алуды сұрайды.

 

Фармацевтикалық қызметті бақылау
Медициналық қызметті бақылау
25 августа 2026
20 тамыз 2026 жылы Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында дәстүрге айналған «Таза бейсенбі» акциясы өтті.

20 тамыз 2026 жылы Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында дәстүрге айналған «Таза бейсенбі» акциясы өтті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері экологиялық акцияға белсенді қатысты. Іс-шара барысында аумақты тазарту жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қоқыстарды жинады және қаланың тазалығы мен абаттандырылуына өз үлестерін қосты.

Фармацевтикалық қызметті бақылау
Медициналық қызметті бақылау
25 августа 2026
Департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) нормаларын түсіндіру бойынша құқықтық жалпы оқыту өткізілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) нормаларын түсіндіру бойынша құқықтық жалпы оқыту өткізілді.

Құқықтық жалпы оқытуға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында Департамент қызметкерлеріне ӘРПК-нің негізгі ережелері, оның мемлекеттік органдардың қызметінде қолданылу ерекшеліктері, сондай-ақ әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру және әкімшілік шешімдер қабылдау кезінде заңдылық, объективтілік, ашықтық қағидаттарын сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мәселелері түсіндірілді.

Фармацевтикалық қызметті бақылау
Медициналық қызметті бақылау
25 августа 2026
Алматы облысындағы бөлшек саудада дәрілік заттарды өткізу объектілеріне тиісті дәріханалық практика (GPP) стандартын енгізу

Халықты сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Фармацевтикалық қызметтердің сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі – дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу объектілерінде тиісті дәріханалық практика (Good Pharmacy Practice – GPP) стандартын енгізу.

GPP стандарты дәріхана ұйымдарының жұмысын ұйымдастыруды жетілдіруге, фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға және дәрілік көмек алу кезінде пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Оның талаптары дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын ұйымдарға, оның ішінде дәріханалар мен медициналық ұйымдардың дәріханалық бөлімшелеріне қолданылады.

GPP енгізудің негізгі мақсаттары

Тиісті дәріханалық практика стандартын енгізу:

  • фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етуге;
  • дәрілік заттарды сақтау, босату және айналымына қойылатын талаптардың сақталуына кепілдік беруге;
  • дәрілік препараттарды ұтымды қолдану мәселелері бойынша халыққа консультация беру деңгейін арттыруға;
  • дәрігер, пациент және фармацевтика қызметкері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге;
  • дәрілік заттарды босату және қолдану кезіндегі қателер тәуекелдерін төмендетуге;
  • дәріхана ұйымдарындағы сапаны басқару жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

GPP стандарты пациенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие, өйткені дәріхана – денсаулық сақтау жүйесінің негізгі буындарының бірі. Мұнда халық дәрілік препараттарды ғана емес, сонымен қатар кәсіби фармацевтикалық консультация алады.

Алматы облысында GPP талаптарын іске асыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу объектілері арасында GPP стандартының талаптарын енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Іс-шараларды іске асыру шеңберінде:

  • фармацевтикалық қызмет субъектілеріне стандарт талаптары туралы ақпараттандыру жүргізіледі;
  • GPP талаптарына сәйкестігіне фармацевтикалық инспекциялар өткізіледі;
  • дәріхана ұйымдарына құжаттарды дайындау және жұмыс процестерін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетіледі;
  • фармацевтикалық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі мәдениеті қалыптастырылады.

2026 жылы облыстағы дәріхана ұйымдарын GPP талаптарына сәйкестігін растау рәсімдерімен қамтуды кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда. Стандартты енгізу жөніндегі іс-шаралар аясында 95 дәріхана ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген инспекциялық тексеруден сәтті өтіп, тиісті дәріханалық практика талаптарына сәйкестік сертификаттарын алды.

GPP талаптарын сақтау халықтың дәріхана ұйымдарына деген сенімін арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және фармацевтикалық қызметтің кәсіби стандарттарын нығайтуға ықпал етеді.

Фармацевтикалық қызметті бақылау
Медициналық қызметті бақылау
25 августа 2026
Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы

2026 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2026 жылдың II жартыжылдығына арналған медиа-жоспарына сәйкес Алматы облысының медициналық ұйымдары арасында медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы Қ.Е. Есқуатов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 58 «Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарын іске асыру және сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмыстары барысында медициналық ұйымдарға Қағидалардың негізгі талаптары, оның ішінде медициналық қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасу қажеттілігі, оны жасасу тәртібі және медицина қызметкерлерін сақтандыру талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, бірлесіп сақтандыру шартын интернет-платформа арқылы электрондық түрде жасасу тәртібі және оның қолданылу мерзімдері бойынша ақпарат берілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы