Байдуйсенова Айдана Еркиновна - ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға мониторингі бөлімі басшысының м.а. Лауазымдық міндеттеріне: дәрілік заттар мен медициналық құралдар айналымы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; дәрілік заттар мен медициналық құралдар айналымы саласындағы субъектілерге (объектілерге) қатысты профилактикалық бақылау мен тексерулер жүргізу кіреді; дәрілік заттар мен медициналық құралдар айналымы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар жасау.
Халықтың игілігі үшін жұмыс істейді, өзінің лауазымдық міндеттерін адал орындайды.