Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) жаңа редакциясы бекітілді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және парасаттылық атмосферасын құруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Кодекстің 2-тарауының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) адалдық-қоғамға мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;

2) адалдық - өз міндеттеріне шынайы көзқарас;

3) әділеттілік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;

4) ашықтық-жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болу және өз іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз ету;

5) сыпайылық-азаматтар мен әріптестерге сыпайы және құрметпен қарау;

6) клиентке бағдарлану - Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуларына және өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу бойынша тұтастай бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау.

Кодекстің жаңа редакциясында "клиентке бағдарланған" мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде ашықтық қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар көзделген.

Кодекстің 3-тарауында жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына қойылатын талаптарды қамтитын мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары белгіленген.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.

 

 ҚР ДСМ МФБК

Алматы облысы бойынша департаментінің

Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Белтаева

 

мақала
Дата публикации
24 марта 2022