Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін аткарушының 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 «тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» бұйрығының 5-қосымшасының 1-тармағына сәйкес Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) (бұдан әрі-GPP стандарты) Қазақстан Республикасының халқына фармацевтика қызметкерлері көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етумақсатында әзірленді, Тиісті дәріханалық практикаға және сапаны басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді. Осы GPP стандарты халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оған дәрілік зат туралы шынайы ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурулардың алдын алуға, рецептуралық дәрілік препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге және өзін-өзі емдеуге көмек көрсетуге бағытталған.
Бұл GPP стандарты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пайдалануды оңтайландыруға мүмкіндік беретін дәрігердің, пациенттің және фармацевтің өзара байланысын қамтамасыз етуге бағытталған.GPP стандарты дәрілік заттарды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
GPP стандартының 5-қосымшасының 1-тармағының 4-абзацына сәйкес дәріханалық ұйымдардың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізумен, дәрілік препараттарды дайындаумен байланысты фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі талаптардың бірі болып табылады.
GPP стандартының 4-тармағына сәйкес тиісті дәріхана практикасының негізгі талаптары:
1) адам денсаулығын сақтау мақсатында пациентке бағдарлану
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұтымды тағайындауға және тиісінше пайдалануға жәрдемдесу болып табылады;
3) фармацевтикалық қызметтің әрбір элементін жеке тұлғаға бағдарлау;
4) кәсіби этика мен құпиялылықты сақтау;
5) сапалы фармацевтикалық қызметтер көрсету;
6) фармакология, фармакотерапия және деонтология негіздерін меңгерген білікті персоналдың болуы;
7) тұтынушыға дейін сақтауды, есепке алуды және өткізуді қоса алғанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тиісті сапасын қамтамасыз ету үшін тиісті жабдықтың, үй-жайлардың және басқа да қажетті жағдайлардың болуы;
8) халыққа консультациялық және ақпараттық көмек көрсету үшін арнайы әдебиеттің болуы;
9) фармакотерапияға, денсаулықты нығайтуға, халық ауруларының профилактикасына және фармакологиялық қадағалауға қатысты барлық мәселелерде өзара сенім мен құпиялылықты білдіретін дәріхана мен медициналық ұйымның өзара іс-қимылы;
10) жүйелі (үздіксіз), барлық қызметкерлердің білім деңгейін, оның ішінде фармацевтикалық қызметкерлер үшін 5 жылда кемінде 1 рет біліктілігін арттыру арқылы дамыту және арттыру;
11) тиісті құжаттаманың болуы;
12) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, дәріхана ассортиментінің тауарларын сатып алу жүйесі және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жатпайтын жалған фармацевтикалық өнімді табу және оның таралуын болғызбау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету болып табылады.
"Тиісті фармацевтикалық практикалар бойынша фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" ҚР ДСМ 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығына (бұдан әрі-бұйрық) сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган тиісті фармацевтикалық практикалар бойынша фармацевтикалық инспектораттың қызметін үйлестіреді. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері Тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігіне инспекциялауды жүзеге асырады.
Дәрілік заттар айналысы саласындағы Тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігіне инспекция жүргізу үшін инспекциялау субъектісі бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес инспекторатқа (ҚР ДСМ ҚТКФ аумақтық департаменті ) өтінім береді . Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
- қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның көшірмесі;
- сапа жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесі;
- объектінің ұйымдық құрылымы мен штат кестесінің көшірмесі;
- құжатталған стандартты операциялық рәсімдердің электрондық түрдегі көшірмелері;
- соңғы инспекциялау жүргізу нәтижелері туралы есептің көшірмесі (бар болса);
- соңғы 5 жылдағы инспекциялар тізімі (бар болса). Құжаттар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде ұсынылады.
Қызықтыратын сұрақтар бойынша Алматы облысы бойынша ҚР ДСМ ММА-ға хабарласу қажет
Департаменттің байланыс телефоны: 8 (7282) 24-07-51.
Департаменттің бас маманының м. а. Бекет А. Т.