Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 маусымдағы № ҚР ДСМ - 65/2020 "Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 "Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету фармацевтикалық қызмет саласында "Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" фармацевтикалық қызмет саласында келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
4.Фармацевтикалық қызметке лицензия беру.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, онда мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттардың қажетті тізбесі көрсетілген. Порталдың жұмыс кестесі-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мыналарды құрайды:
-Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды әкелуге/әкетуге - 3 (үш) жұмыс күні;
-Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген медициналық бұйымдарды әкелуге/әкетуге - 3 (үш) жұмыс күні;
-фармацевтикалық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні; құжаттардың толықтығын тексергеннен кейін Департамент 10 күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ 148/2020 бұйрығымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігіне лицензия алды бақылау жүргізіледі;
-лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
-лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру - 2 (екі) жұмыс күні;
- есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру - 10 (он) жұмыс күні;
- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні;
- лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру –
2 (екі) жұмыс күні;
Фармацевтикалық қызметке және есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру жөніндегі қызметтерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. Фармацевтикалық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес төлейді:
1) фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензия беру кезінде 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10% - ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін, лицензияны беру кезіндегі ставканың 100% - құрайды.
4) денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия алу 20 AЕК-ті құрайды.
5) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10% - ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;
6) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100% - ын құрайды.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 27-бабының 1-тармағының, 2)-тармақшасының талаптарына сәйкес 2021 жылғы 01 шілдеден бастап дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мамандарды сертификаттау жөніндегі норма енгізілді. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мамандарды сертификаттау жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді.
Көрсетілген бұйрыққа "тиісті фармацевтикалық практика" сертификатын беру қызметі енгізілген. Бүгінгі күні "тиісті фармацевтикалық практикалардың сәйкестігіне сертификаттар беру" (GMP, GDP) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі қаралуда, Мемлекеттік қызмет elicense.kz (ішінара автоматтандырылған) Мемлекеттік портал арқылы электрондық түрде және қағаз түрінде көрсетілетін болады. Бұдан басқа, қолданыстағы нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:
- ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданылуын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" бұйрыққа;
- ҚР ДСМ 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 "Тиісті фармацевтикалық практикалар бойынша фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа .
Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі департаменттің байланыс телефоны: 8 (7282) 24-07-51 . Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Департаменттің бас маманы Р.С. Мухамадиева
Департаменттің бас маманының м.а. Мырзаев Ә.Т.