Мемлекеттік қызметшілер этикасының маңызды аспектілері Қазақстан Республикасында

Мемлекеттік қызметшілер этикасының маңызды аспектілері

Қазақстан Республикасында

 

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық этикасы адамды барлық іс-әрекетте, ең алдымен, ақыл-ойды басшылыққа алуға міндеттейді.

Мемлекеттік қызметші этикасының негізгі қағидаттарына – жауапкершілік, бейтараптық, парасаттылық, толеранттылық, патриотизм жатады.

ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V ҚРЗ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының (бұдан әрі – заң) 8-тарауының 49-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілер::

1) заңдылық қағидатын басшылыққа алу;

2) мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасауға жол бермеуге міндетті;

3) мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;

4) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға міндетті;

5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға міндетті;

6) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың лауазымдық өкілеттіктері шеңберінен шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпеуге; ;

7) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінде көзделген өзге де әдеп қағидаларын сақтауға міндетті.

Заңның 8-тарауы 49-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы осы Заңда белгіленген тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын мониторингтеуді және бақылауды "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы"Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Ережеге сәйкес Әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.

 

 

 

 

Статья
Дата публикации
13 декабря 2021