GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 сентября 2026
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың өкілдерімен семинар-кеңес өткізді.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың өкілдерімен семинар-кеңес өткізді.

 Семинар – кеңес барысында  ҚР ДСМ 2021 жылғы 27 қаңтардағы «Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-11 бұйрығының талаптарын сақтау бойынша түсіндірме берілді

Семинар– кеңес барысында Цифрлық экономиканы дамыту орталығының ақпараттық жүйесіне жүргізілген талдау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар туралы ақпараттар айтылды.

Сонымен қатар, дәрілік заттарды таңбалау кодтарын айналымнан шығару мәселелері бойынша түсіндірме беріліп және дәрілік заттарды қадағалау жүйесі медициналық ұйымдарда, дәріханаларда дәрілік заттарды есепке алуды қамтамасыз ету үшін және жалған есептен шығару мүмкіндіктерін болдырмауға, дәрілік заттардың қалдықтары мен жарамдылық мерзімдерін бақылауға арналған.        

Таңбаланған дәрілік заттарды айналымнан екі рет шығаруға жол бермеу, дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау бөлігінде нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау бойынша қызметкерлермен тұрақты негізде жұмыс жүргізу туралы  медициналық ұймдардың және дәріханалардың басшыларына ескертілді.

          Медициналық және фармацевтикалық  ұйымдардың  өкілдерін  адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін  дәрілік заттарды  сақтау,  рецептпен босату,  және қолдану кезінде,  нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі туралы еске салынды.

         Сондай-ақ, құрамында күшті әсер ететін  дәрілік заттарды сақтау, есепке алу және босату қағидаларын бұзғаны үшін бұған дейін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салынды. Алайда, 2026 жылғы қаңтардан бастап мұндай құқық бұзушылықтар бойынша  ҚР Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ                           «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі» 301, 303 – бабтарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы айтылды.

          Семинар – кеңес барысында  ҚР ДСМ  м.а. 2021 жылғы 27 тамыздағы                         № ҚР ДСМ-94 «Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығының  талаптарын  медициналық және фармацевтикалық ұймдардың  өкілдерін қатан сақтауға шақырылды.

        Семинарда ДЗ және МБ сатып алу, сақтау,  жою,таңбалау, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырып жіберуді қоса алғанда, өткізу қағидаларын, сондай-ақ қолдану (пайдалану), қамтамасызету ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің (бұдан әрі-Кодекс)  426 бабы 1 бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгені туралы   еске салынды.

         Дәрілік заттардың бөлшек саудадағы шекті бағасының асып кету фактілері анықталған жағдайда, NAQTY ONIM мобильді қосымшасы немесе «Е-өтініш» порталы арқылы өтініш беруге болады.

16 сентября 2026
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні Департамент басшысы А.М.Латыпованың төрағалығымен департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – ортақ міндет тақырыбында жиналыс өтті.

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні Департамент басшысы А.М.Латыпованың төрағалығымен департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – ортақ міндет тақырыбында жиналыс өтті.
Жиналыс барысында Департамент басшысы А.М. Латыпова сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алудың маңыздылығына тоқталып, Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастырудың маңыздылығы айтылды. Бұл қағидат әрбір мемлекеттік қызметшінің заң талаптарын қатаң сақтап, қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындауын көздейді.
Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтау және оларды жою, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек уәкілетті органдардың ғана емес, барлық мемлекеттік ұйымдар мен әрбір қызметшінің ортақ міндеті. Заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, адалдық құндылықтарын дәріптеу және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру – қоғамның тұрақты дамуының маңызды негіздерінің бірі екенін айтты.

15 сентября 2026
Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Жангелді ауданы, Қостанай облысы дүниеге келген) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі.
«Оқуға шақыру» атты Ахмет Байтұрсынұлы жазған өлеңі
Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақұлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.

11 сентября 2026
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде сағат 11.00-де №3 Қалалық емханасы ғимаратында «Қызмет алушылар күні» өткізілуіне орай ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы меклекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы Дарига Мергалиевна Елеуова және Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Аскар Исламгалиевич Жанабергенов мемлекеттік қызмет көрсету бойынша консультативті көмек көрсететінін хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде сағат 11.00-де №3 Қалалық емханасы ғимаратында «Қызмет алушылар күні» өткізілуіне орай ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы меклекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы Дарига Мергалиевна Елеуова және Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Аскар Исламгалиевич Жанабергенов мемлекеттік қызмет көрсету бойынша консультативті көмек көрсететінін хабарлайды.

11 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

 

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:

- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;

- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;

- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;

- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;

- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;

- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;

- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.

Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.

Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.

«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.

Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.

Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

 

07 сентября 2026
5 қыркүйек Қазақстан үшін атаулы мерекелердің бірі – Тілдер күні. Тіл ‑ халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл ‑ қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл ‑ халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ‑ ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі ‑ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

5 қыркүйек Қазақстан үшін атаулы мерекелердің бірі – Тілдер күні.
Тіл ‑ халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл ‑ қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл ‑ халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ‑ ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі ‑ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

14 августа 2026
Құрметті субъектілер!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мемлекеттік көрсетілетін қызметттерді цифрландыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құқығына сәйкес дәрілік заттарды тіркеу рәсімдерін жетілдіру және «ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттарды сараптау» ақпараттық жүйесінде электронды құжат айналымына көшу («Жалпы процесс № 26» бөлімі) шеңберінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып Комитет тіркеу куәліктеріне автоматтандырылған қол қою функционалы жүзеге асырылғанын хабарлайды.
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе арқылы келесі рәсімдер бойынша құжаттарды электрондық форматта қабылдау жүзеге асырылады:
• тіркеу дерекнамасын ЕАЭО (CK) құқығы талаптарына сәйкес келтіру;
• ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу.
Ақпараттық жүйенің тиісті функционалын жүзеге асыру аяқталғанға дейін тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу және дәрілік заттарды қайта тіркеу рәсімдері қағаз жеткізгіште ұсыну арқылы жүзеге асырыла берді.
Ақпараттық жүйенің функционалдық мүмкіндіктері дамыған сайын электрондық форматта қол жетімді тіркеу рәсімдерінің тізбесі кезең-кезеңімен кеңейтілетініне назар аударамыз.
Қалаған рәсімдерді электрондық құжат айналымына ауыстыру туралы өтініш берушілерге қосымша хабарланатын болады.
Ақпараттық жүйені енгізу өтініш берушілер, сараптама ұйымы және уәкілетті орган арасындағы өзара іс-қимылдың бірыңғай электрондық форматын қамтамасыз етеді, тіркеу рәсімдерінің ашықтығын арттыруға, құжаттармен алмасу мерзімдерін қысқартуға, қағаз жеткізгіштерді пайдалануды барынша азайтуға, сондай-ақ тіркеу процесінің барлық кезеңдерінде құжаттардың сенімді сақталуына және қадағалануына ықпал етеді.
Ақпараттық жүйенің порталы мына мекенжай бойынша қол жетімді: https://op26.ndda.kz.
Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!

14 августа 2026
Құрметті өтініш берушілер!

«Қосылған құн салығының мөлшерлемесі өткізу бойынша салық салынатын айналымның және импорттың мөлшеріне қолданылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, жиынтықтауыш медициналық бұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесін бекіту туралы» (бұдан әрі – Тізбе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1204 қаулысына өзгерістер енгізілуіне байланысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін нысаналы мақсатты растауды беру алынып тасталды.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін нысаналы мақсатты растауды бұдан былай бермейді.
Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 542 қаулысымен қолданысқа енгізілді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2600000542#z36).
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, қосылған құн салығының мөлшерлемесі 5 пайыз, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 пайыз көлемінде, Тізбеге енгізілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу және импорттау бойынша салық салынатын айналымға қолданылады, мынадай құжаттар болған кезде:
- «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Републикасының Заңында белгіленген тәртіппен фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның немесе медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуге берілген қызметтің немесе жекелеген әрекеттерді жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон;
- дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу куәлігі (тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар импорты кезінде);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығына сәйкес берілген рұқсат құжаты (тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар импорты кезінде).
Кедендік ресімдеуге және салық жеңілдіктерін қолдануға құжаттар дайындау кезінде көрсетілген өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Тізбенің жаңартылған нұсқасын «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінен көруге болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2500001204

13 августа 2026
📌 ЛИЦЕНЗИЯНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

📌 ЛИЦЕНЗИЯНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру үшін.
Не дайындау қажет?
1. 💰 Мемлекеттік баж
Мөлшері — 20 АЕК.
КБК коды — 105402.
МБК орналасқан жеріне сәйкес таңдалады.
2. 🔐 Үй-жайды күзету
Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайды күзету бойынша шарт жасасу қажет.
3. 👥 Қызметкерлердің тізімі
Ақтөбе облысы бойынша есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен келісілген қызметкерлердің тізімі.
4. 👥 Қызметкерлердің тізімі
Ақтөбе облыстық психикалық денсаулық орталығымен келісілген қызметкерлердің тізімі.
💻 Құжаттарды қайда тапсыру керек?
Барлық қажетті құжаттар электрондық түрде eLicense порталы арқылы Ақтөбе облысы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне тапсырылады.
Әрекет ету тәртібі:
➡️ eLicense порталында тіркелу
➡️ Өтінішті толтыру
➡️ Қажетті құжаттарды тіркеу
➡️ Өтінішті қарау
➡️ Біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша рұқсат беру бақылауы
➡️ Шешім қабылдау
➡️ Лицензияны алу
⏳ Лицензияның қолданылу мерзімі
Лицензия 5 жыл мерзімге беріледі.
📍 Қосымша ақпаратты қайдан алуға болады?
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті
📍 Ақтөбе қаласы, Тлеу батыр көшесі, 9Б
📞 8 (7132) 50-21-61

03 августа 2026
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді


7.07.-8.07.2026 жылы Департамент мамандарымен ШЖҚ «№7 Қалалық емхана» МКК-нің және ШЖҚ «Хромтау аудандық ауруханасы» МКК-нің дәрігерлерінің қатысумен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша семинар – кеңес өткізілді.
Семинар – кеңесте «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының, ҚР ДСМ 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-320/2020 «Фармакологиялық қадағалауды және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының, ҚР ДСМ 2022 жылғы 16 мамырдағы «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-45 бұйрығының «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі мен қағидалары бөлігінде түсіндірмелер берілді.
Семинар барысында, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.
Разъяснены требования нормативно-правовых актов в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы