Барлық дәрілік заттарды таңбалау және оларды қадағалау 2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізіледі

Барлық дәрілік заттарды таңбалау және оларды қадағалау 2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізіледі

2024 жылғы 29 наурызда «Атамекен» ҰКП алаңында фармацевтикалық ұйымдармен және Қазақтелеком АҚ «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС өкілдерімен дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселесі бойынша онлайн форматта семинар – кеңес өткізілді. «Қазақтелеком» АҚ «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС өкілдерімен дәріханаларда дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу, оның ішінде есепке алу жүйелерімен интеграциялау механизімі егжей-тегжейлі түсіндірілді.

2D сканерлерін пайдаланатын дәріхана ұйымдары 2D сканерлерін әлі енгізбеген басқа дәріхана ұйымдарымен өздерінің өндірістік алаңдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және тәжірибелерімен бөлісуге дайын екендіктерін білдірді.