
Ақтөбе облысында алғаш рет "Атамекен" өңірлік директоры Дидар Боранқұлов пен облыстық мәслихат төрағасы Гүлкасима Сүйентаева ақпарат алмасу және кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын заңнаманы жетілдіру мақсатында өзара іс-қимыл туралы бірлескен Жоспарға қол қойды.
Ақтөбеде кәсіпкерлер палатасы мен облыстық мәслихат "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы туралы" ҚР Заңдарын басшылыққа ала отырып, кәсіпкерлікті қолдау саласындағы өзара іс-қимыл және іскерлік қатынастарды нығайту туралы келісті.
Мәселен, Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының қолдауымен өңірдің бизнес-қоғамдастығы мәселелерін шешуде қолдау және көмек көрсету жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.
Тараптар бірінші кезекте кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын заңнаманы жетілдіру мәселелерін шешу бойынша бірлескен жұмыс салатын болады.
Жоспарға 1 жыл мерзімге қол қойылды.
Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтті. Сондай-ақ, "Ақтөбе облысы бойынша фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының" төрағасы У.Х.Есенов және медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департамент басшысы А. М. Латыпова және кәсіпкерлер өз сұрақтарымен қатысты. Атап айтқанда, олар кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға гранттар бөлу, тариф белгілеу, GPP тиісті дәріхана практикасын енгізу мәселелеріне қатысты болды.
Қол қойылған жоспар шеңберінде осы мәселелердің барлығы жеке алаңдарда пысықталатын болады.