GPP стандарты фармацевтикалық қызметкерлермен халыққа көрсетілетін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

GPP стандарты фармацевтикалық қызметкерлермен халыққа көрсетілетін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

GPP стандарты фармацевтикалық қызметкерлермен халыққа көрсетілетін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

 GPP стандартының негізгі қағидаттар болып табылады:

  1) тиісті сападағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды босату;

2) дәрілік заттардың қасиеті мен тиісті қолданылуына қатысты нақты және объективті ақпарат беру;

3) дәрілік заттардың тиімді тағайындау және олардың дұрыс пайдалануы;

4) фармакотерапия мәселелері бойынша денсаулық сақтау персоналымен (дәрігерлермен) кәсіби арақатынас;

5) фармацевтикалық қызметтің тиісінше берілуі.

Сонымен қатар, Департаменттің сайтында «Қазақстан  Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен ұсынылған Нұсқаулығы, 39 дана стандарттық операциялық рәсімдері орналастырылғаныны туралы  еске саламыз.

 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 42 дәріхана GPP стандартын енгізді, оның ішінде медициналық ұйым жанындағы дәріхана,  ауданда-8 дәріхана,  бұл Ақтөбе  облысының жұмыс істеп тұрған дәріханалары мен медициналық ұйымдарының жалпы санынан 13%  құрайды, онын ішінде аудандарда-8 (3%).

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен 2024 жылғы ақпан-наурыз  айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2021 жылғы 04 ақпандағы № ҚР ДСМ-15  «Тиісті фармацевтикалық практиканы бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «(GPP) Тиісті дәріханалық практика»   стандартының сәйкестігіне «Туреханова» (Миллениум фарм) ЖК субъектіне (6 сертификат), «Жаналина»ЖК, «Шапатова»ЖК (Темір аудандағы дәріханасы), ТОО «АК NIET GROUP» ЖШС (3 сертификат), «Мендибекова А.Ш.» ЖК (Алға аудандағы дәріханасы)  сертификаттар берілді.

 GPP Тиісті дәріханалық практика стандартын енгізудің барлық мәселелері бойынша Ақтөбе облысы бойынша МФБКД-не мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Ақтөбе қ., Тлеу батыр көшесі, 9

Бұдан басқа, еске салаймыз, әр бейсенбі сайын Департаментте  сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін консультативтік кабинет жұмыс істейді.                           Тел: 50-21-61.