ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент), ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің төрағасының 2024 жылғы 15 қаңтардағы «Визимпро®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 15 мг, 30 мг және 45 мг дәрілік заттарының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» №16-НҚ бұйрығына сәйкес төмендегі дәрілік заттарының тіркеу куәліктері кері қайтарылғаны және айналыстан алынғаны туралы хабарлайды:
- Пфайзер Мануфактуринг Дойчланд ГмбХ, Германия өндірушісі, «Визимпро®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 15 мг» ҚР-ДЗ-5№025660;
- Пфайзер Мануфактуринг Дойчланд ГмбХ, Германия өндірушісі, «Визимпро®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 30 мг» ҚР-ДЗ-5№025659;
- Пфайзер Мануфактуринг Дойчланд ГмбХ, Германия өндірушісі, «Визимпро®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 45 мг» ҚР-ДЗ-5№025658.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарға жоғарыдағы ақпарат хабарланып, бұйрықта көрсетілген дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің кері қайтарылғаны және айналыстан алынғанын хабарлайды.
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментіне Комитеттің Бұйрығында көрсетілген ақпарат бойынша, дәрілік заттардың Ақтөбе облысының аумағына әкелу/әкетуге тыйым салуыңызды сұрайды.
Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарына Бұйрықта көрсетілген дәрілік заттарды қолданбау бойынша іс-шаралар қабылдау қажеттілігін хабарлайды. Бірінші, үшінші және төртінші адресаттарға: жоғарыдағы іс-шараны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.2020 жылғы 24 желтоқсандағы «Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға тыйым салу, оларды тоқтата тұру, айналыстан алып қою немесе шектеу қағидаларын бекіту туралы» №322/2020 бұйрығы шеңберінде атқарылған іс шаралар бойынша ақпаратты 2024 жылғы 19 қаңтарға дейін Департаментке akt.dmfk@dsm.gov.kz электрондық адресіне жолдауыңыз қажет.
Қосымша: Комитет Бұйрығының мемлекеттік және орыс тілдерінде көшірмелері 6 парақта тіркеледі.