№ 444--НҚ от 16.11.2023 RentschlerBiopharma SA. Германияөндірісінің Карзиба (Динутуксимаб) инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат 20 мг/4,5 мл дәрілік затын«FARM ZS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілгенҚазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындының және (немесе) рұқсат беру құжатының қолданысынтоқтата тұру туралы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 45-бабының 1-1 тармағынажәне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуқағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21749 болып тіркелген) БҰЙЫРАМЫН:

1.RentschlerBiopharma SA.ГерманияөндірісініңКарзиба (Динутуксимаб) инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат 20 мг/4,5 млдәрілік затын «FARM ZS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген 2023 жылғы 8 қыркүйектегі №KZ11VBY00057165,2023 жылғы 8 қыркүйектегі№KZ81VBY00057166Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындының және (немесе) рұқсат беру құжатының қолданысы тоқтата тұрылсын.

  1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің(бұдан әрі – Комитет)фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасыосы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды жүргізсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасарының міндетін атқарушы К.А. Төлешовке жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: 2023 жылғы 1қарашаның«FARM ZS»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің хаты.

 

 

Төраға                                                                                      Н. Ысқақов

 

Дата публикации
29 декабря 2023