«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 259-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (тіркелген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906), БҰЙЫРАМЫН:
Сараптама ұйымы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды.
Негіздеме:«Registrarius»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2023 жылғы 6 қазандағы№№Reg/Out/6855, Reg/Out/6857 және Reg/Out/6858 хаттары.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетініңтөрағасы Н. Ысқақов
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрілігі
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитетітөрағасының
2023 жылғы ___ қазандағы
№ ____ бұйрығына қосымша
Кері қайтарып алуға және айналыстан алуға жататын медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктері
|
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Тіркелген күні |
Медициналық бұйымның атауы |
Өндіруші, мемлекет |
|
№ ҚР-МБ (in vitro)-0№025142 |
27.08.2022 |
Жаңа коронавирус-2019 (2019-nCoV) триплексті RT-qPCR анықтауға арналған реагенттер жинағы |
Nanjing Vazyme Medical Technology Co., Ltd., Китай |
|
№ ҚР-МБ (in vitro)-0№024245 |
12.05.2022 |
ДНҚ/РНҚ алуға арналған реагенттер жинағы |
Nanjing Vazyme Medical Technology Co., Ltd., Китай |
|
№ ҚР-МБ-0№023573 |
08.02.2022 |
Нуклеин қышқылдарын экстракциялауға арналған автоматты жүйе |
Nanjing Vazyme Medical Technology Co., Ltd., Китай |