«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 259-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болыптіркелген)сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.«с.а. Алкон-Куврер н.в.», Бельгияөндірушісі,«Мидриацил, көзге тамызатын дәрі, 1%» дәрілік затыныңтіркеу куәлігі ҚР-ДЗ-5№008256кері қайтарылсын және айналыстан алынсын.
3.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан РеспубликасыӘділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21836тіркелген) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының 10, 11-тармақтарына сәйкес осы шешім туралы ақпарат алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптама ұйымы (бұдан әрі–Қағидалар)дәрілік затқа берілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының қолданылуын кері қайтарып алсын.
Сараптама ұйымы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды.
6.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Негіздеме: «Алкон Қазақстан»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2023 жылғы 9 қазандағы№154хаты.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетініңтөрағасының
міндетін атқарушы Л. Қашқымбаева