«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бірыңғай тәсілді қалыптастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
- Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу жөніндегі қоса беріліп отырған әдістемелік басшылық бекітілсін.
- Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне жеткізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Төрағаның орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитетінің
Төрағаныңміндетін атқарушы Л. Ахметнияз