№ 282-НҚ от 01.08.2023 «Сабрил қабықпен қапталған таблеткалар 500 мг» дәрілік затының №№ 2987А и 2990В серияларын қолдануға және өткізуге тыйым салу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 259-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) 3-тармағының
7) тармақшына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар),БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Сабрил қабықпен қапталған таблеткалар 500 мг», өндірушісі «Патеон Франс С.А.С.», Франциядәрілік затының №№ 2987А и 2990В серияларын қолдануға және өткізуге тыйым салынсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеттің (бұдан әрі – Комитет)Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, 2022 жылғы 15 тамыздағы №KZ66VBY00054526 және 2023 жылғы 13 ақпандағы№ KZ89VBY00055858 дәрілік заттыәкелуге рұқсат беру құжатының иесі «Swixx Biopharma (Свикс Биофарма)» ЖШС-не хабарласын.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

          2) Комитетіне осы тармақтың 1) тармақшаларында, сонымен қатар 4-тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Дәрілік заттың тоқтата тұрған сериясы (партиясы) бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер Қағидалардың 15-тармағына сәйкес дәрілік заттардың қайтару қажеттігі туралы хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшесіне растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты ұсынсын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің төраға орынбасары
    Л. Р. Қашқымбаеваға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

          Негіздеме:«Swixx Biopharma (Свикс Биофарма)» ЖШС-ның2023 жылғы 13шілдедегі№0292-07-23 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетініңтөрағасы                                                          Н. Ысқақов

 

 

 

Дата публикации
19 декабря 2023