№ 197-НҚ от 01.06.2023 «Нексиум®, вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 40 мг» дәрілік затының тіркеу куәлігін кері қайтарып және айналыстан алу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 259-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болыптіркелген)сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

          1.«АстраЗенека АБ», Швецияөндірушісі,«Нексиум®, вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 40 мг» дәрілік затыныңтіркеу куәлігі ҚР-ДЗ-5№012486кері қайтарылсын және айналыстан алынсын.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің(бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап жұмыс бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарлассын.
  2. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

          3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъектілер оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.

          5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағаның орынбасары Л. Р. Қашқымбаеваға жүктелсін.

  1. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

          Негіздеме: Қазақстан Республикасындағы«АстраЗенека Ю-Кей Лимитед» ЖАҚ өкілдігінің2023 жылғы 29 мамырдағы № Р-23/61хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетініңтөрағасының

міндетін атқарушы                                              Л. Ахметнияз

 

 

 

 

 

Дата публикации
16 ноября 2023