№ 179-НҚ от 25.05.2023 «Биохимиялық анализатор BS-430 керек-жарақтарымен жиынтықта», «Биохимиялық автоматты BS-200E анализаторы керек-жарақтарымен жиынтықта», «BC 5800 автоматты гематологиялық анализатор»медициналық бұйымдарының тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы

2014 жылғы 16 мамырдағы«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 45-бабы 5-тармағына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабы 13-тармағы, сондай-ақ 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

          1.«Биохимиялық анализатор BS-430 керек-жарақтарымен жиынтықта»,өндірушісі «Shenzhen Mindray Bio-Medical Electronics CO., LTD.», Қытай, тіркеу куәлігінің нөміріРК-МТ-5№021129, «Биохимиялық автоматты BS-200E анализаторы керек-жарақтарымен жиынтықта», өндірушісі«Shenzhen Mindray Bio-Medical Electronics CO., LTD.», Қытай, тіркеу куәлігінің нөміріРК-МТ-5№018701, «BC 5800 автоматты гематологиялық анализатор»өндірушісі«Shenzhen Mindray Bio-Medical Electronics CO., LTD.», Қытай, тіркеу куәлігінің нөміріРК-МТ-5№018503медициналық бұйымдарының тіркеукуәліктерінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің(бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, медициналық бұйымының тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  2. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

          3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары Л. Р.Қашқымбаеваға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

          Негіздеме: Қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша 07.02.2023 жылғы №4/02 қорытынды, Қазақстан Республикасы Денсаулықсақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК30.03.2023 жылғы25-03-25/1016-И хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеттөрағасының

міндетін атқарушы                                                                  Л. Ахметнияз

 

Дата публикации
16 ноября 2023